Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-



Pdf көрінісі
бет13/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-
сынық жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісін 
жүзеге асыру
Балалар қабылдауына арналған бақылау мен эксперименттерден 
олардың мектепке дейінгі шақта заттардың түрін жекелеп бөлек-бөлек 
қабылдай алмайтыны, яғни оның нендей бөлшектерден тұратынын, 
олардың қалай орналасқанын айыра алмайтыны бұрыннан белгілі. 
Мектеп жасына дейінгі бала не заттың жалпы құрылымына, не оның 
жеке бір бөлшегіне көңіл бөледі де, оны қалған бөлшектерімен 
байланыстыра қарамайды. Заттың түрін жекелеп бөлек-бөлек қабылдау 
үшін оны ойша әр бөлшектен қайта құрып шыға алатындай, оның ішкі 
моделін жасайтындай болуы керек. Ал бала бұған қажетті іс-әрекет 
жасай алмайды. Егер бұдан кейін де ол әр бөлшекті бөлек ұғынатын 


27
болса, онда ол қабылдаудың жаңа типін – моделдеуші іс-әрекеттерді 
игергені.
Әңгімелесу (сұрау) әдісі
. Мектеп жасына дейінгі балаларды 
зерттеу үшін сұрақ әдісі көп қолданыла бермейді. Әдетте, төрт жасқа 
дейін сұрақ балалар заттарды немесе олардың бейнесін көрсетіп тұрып 
жауап беретіндей етіп қойылады. Картина бойынша сұрақ қою оған 
мысал бола алады. Оның мақсаты – баланың картинада бейнеленген 
заттың көлемін және олардың арақашықтығын бақылай білуін анықтау. 
Бірнеше картинада көлемі де, арақашықтығы да әр түрлі екі-екіден 
шыршаның суреті салынған. Балаларға: «Үлкен шыршалардың суреті 
қай картинада? Қайсысында кішкентай шыршалар салынған? Қандай 
шыршалар бір-біріне жақын орналасқан? Қандай шыршалар бір-бірінен 
қашық орналасқан? Қай картинада бірдей шыршалар салынған?» деген 
сұрақтар қойылады. Балалар бірде ана, бірде мына бейнелеулерді 
көрсетіп жауап беріп жатты.
Төрт жастан кейін балаларға ауызша жауап берерліктей сұрақ 
қою, демек шын мағынасында әңгімелесу мүмкін болады. Әңгімелесу 
баланың білімін, ұғымын, оның заттар, құбылыстар, оқиғалар, адамдар 
және олардың қылықтары туралы, өзі жайлы пікірін анықтау қажет 
болған жағдайда қолданылады. Баламен әңгімелесу үшін сұрақтарды 
дұрыс іріктеу – үлкен өнер. Олар балаларға түсінікті әрі қызықты 
болуы қажет, ешқашан сыбырлап айтып жіберу дегенге жол бермеу 
керек, өйткені балалар иланғыш келеді де: «Сен шахмат ойнай білесің 
бе?» – деген сияқты сұрақтарға мақұлдап жауап береді.
Сұрақты әуелі ойлап, балалардың барлығына бірдей ретімен қояды 
немесе жалпы бағытын белгілейді де, алдыңғы сұрақтарға берілген
жауаптың нәтижесіне қарай өзгертіп отырады.
Әңгімені әзірлігі мол зерттеуші жүргізуі тиіс. Баланың жауабы 
сұрақтың мазмұнына ғана емес, оның зерттеушімен қарым-қатынасына 
да байланысты болмақ. Зерттеліп отырған баланың жеке-даралығын 
сезіне білуге қабілеттілік, ұстамдылық әңгімені табысты етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет