Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет114/135
Дата30.09.2024
өлшемі1,4 Mb.
#146125
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   135
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы

1-тапсырма
Жас ата-ана баласы Әділді 1-сыныптың мұғалімімен «Міне, 
ұлымыз өте қабілетті, көптеген тақпақтар біледі, ән айтып, би билейді» 
деп таныстырды.
Тәжірибелі ұстаз оған бірден көңіл аударып, бақылады.
Ал Әділ, ата-анасы айтқан ұнамды қасиеттерін көпке дейін көрсете 
алмады. Оқуға көңілі соқпай, үйіне кетуге сұрана бастады...
Сұрақ: Не себепті Әділ өз қабілетін сабақта көрсете алмады? Ұстаз 
бен анасы енді Әділмен қандай жұмыс жүргізулері керек?
2-тапсырма.
Тәрбиеші ата-аналар жиналысында баланы мектепке психикалық 
жағынан даярлау жөнінде кеңес берді. Сол кезде баланың әжесі 
немересінің жүрегі ауыратынын айтып, оны ойыннан босатуды өтінді 
және әжесі немересінің оқып-жаза алатынын, келешекте мектепте 
оқуы онша қиын болмайтынын ескертті. 
Сұрақ: Осы бала мектепте оқуды ойдағыдай меңгеріп кете ала ма? 
Олардың ата-аналарымен қандай жұмыс жүргізу қажет?
3-тапсырма.
6 жасар Жәнібек білімге құмар, қимыл-қозғалысы белсенді, 
бақшада жүргенде сабақтың мазмұнын тез меңгере алатын. Адамға 
үйірсек, көпшіл, бірақ зейінсіз, шыдамсыз, жеңілтек еді. Ал бірінші 
класта мұғалімнің ескертуіне құлақ аспайтын, сабақта жан-жағына 
алақтағыш, мұғалімнің түсіндіргендерін, құрбыларының жауабын 
тыңдамайтын, не болса соған жаны ашығыш, күйгелек болды. 
Сұрақ: Жәнібекте қандай мінез-құлық сапалары қалыптаспаған? 
Жақсы оқу үшін оған қандай көмек керек?
4-тапсырма.
6 жасар Болат – салдыр-салақ, ұқыпсыз.Тіпті өзіне-өзі қалай болса, 
солай қарайтын бала. Қимылы да икемсіз, өте баяу, тәртіп ережелерін 
жиі бұзады. Ұқыпсыздығынан, салған суреттері де нашар, өте лас. 
Тәрбиешілердің талап-тілектері мен ескертулеріне не немқұрайлы 
қарайды. 
Сұрақ: Болаттың сабақ үлгерімі қандай екенін анықтаңыз, оған 
қалай көмектесу керек?
5-тапсырма.
Динаны бақшада өте ақылды қыз санап, оның салған сүреттерін 


246
мақтанышпен көрсетуші еді. Ол оқу-жазуды ерте меңгерді. Ал 
мектептегі оқуы нашар, оны ешкім мақтамайды. 
Сұрақ: Динаның мектепке келген соң, өзгеру себебін айтыңыз,
оның ата-анасына қандай кеңес бересіз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет