1-тапсырма. «ойлау және сөйлеу» әдісі.
Грамматикалық конструкциядағы түсінікті табу. Бақылаушы
сөйлемді айтады. Мысалы: «Самат кітап оқып болған соң киноға барды».
Сөйлемді анық және баяу оқу керек. Дұрыстап екі рет қайталап оқып,
жақсы түсінгеніне сенімді болу керек. Содан кейін барып бақылаушы
сұрақ қояды. «Самат бірінші не істеді - кино көруге барды ма? әлде
кітап оқыды ма?»
1.Тапсырманы ауызша орындауын тексеру. Үстелде ретсіз
карандаштар жатады. Бақылаушы балаларға айтады: «Қаламсапты
жинап қорапқа сал, содан кейін қорапты сөреге қой». Балалар
тапсырманы орындап болған соң бақылаушы сұрақ қоя отырып
сұрайды: «қазір қаламсаптар қайда жатыр? Оны сен қайдан алдың? «
Егер де балалар тапсырманы дұрыс орындай алмаса, онда
сұрақтарды жеңілдету керек. Бақылаушы айтады: «Қаламсапты алып,
оны жәйшікке сал». Содан кейін жаңағы сұрақтар қайта қойылады.
3. Балалардың зат есімді өзгерту ептілігін анықтау. Бақылаушы
балаға былай дейді: «Мен саған сөзбен бір затты айтамын, ал сен сол
затты көп затқа айналдырып айтқын. Мысалы, егер мен «кітап» деп
айтсам, ал сен «кітаптар» деп айтуың қажет. Ары қарай бақылаушы
жалғыз сөз түріндегі он бір зат есімді айтады. Мысалы, қаламсап,
кітап, орындық, перде, қала, көз, құлақ, аға, апа, жалау, бала. Егер бала
сөздерді көпше түріне өзгертуде нұсқауды жеткіліксіз, анық түсінбесе
мысалы, дәптер, көне дәптер және т.б. жауап берсе онда, қайтадан
дұрыс жауаптың үлгісін көрсету қажет, мысалы, «кітап», «кітаптар»
және»т.б.
4. Оқиғаның жүйелілігін анықтап, ептілікпен тауып орнату.
Балалардың алдына, өздеріне таныс оқиғалар бейнеленген төрт
суретті ретсіз қояды. Мысалы: бірінші суретте бала ұйқыдан оянды, ал
екінші біреуінде - жуынды, үшіншісінде - тамақтанды, төртіншісінде
– мектепке бара жатыр. Бақылаушы суреттердің орнын ауыстырып
қойып, балаларға суреттерді дұрыс қоюын және неге ол бастапқыдай
емес, басқаша қойылғандығын түсіндіруін өтінеді.
«Бейнелеп көрсету « әдісі
арқылы баланың көрсету дәрежесінің
дамуы, тек мектепке баратын балаларда ғана емес, сонымен бірге
247
ересек оқушыларда да кездесетін қиындықтардың бірі. Сонымен бірге,
мектепке дейінгі балаларда және бастапқы мектепке баратындарда
қарқынды қалыптасу болады. Мектепке баратын балаларда осы мәселе
өріс алса, онда оларға тез арада түзету жұмысын жүргізу қажет.
Балаларға мынандай тапсырмалар ұсынылады.
1.Суреттер кесінділерін жинау. Балаларға көрсетілген суретке
қарап, сурет қиындыларының бөлшектерін жинау ұсынылады.
Тексеруші айтады: «Көрдің бе, сурет кесінділері сынып қалды, ал сен
оны жөндеп көрші». Егер бала тапсыманы орындай алмаса, онда оған
жеңілдеу түрі ұсынылады. Екі жағдайда бейнеленген затты атауға
тиісті емес.
2. Адамның суреті. Балаға ең жақсы көретін адамының суретін салу
ұсынылады. Ағасының немесе папасының т.б. Егер бала суретті сала
алмайтындығын айтса, онда оның көңілін көтеру үшін түсіндіріп, бұл
жаста барлық балалар суретті жақсы сала алмайды, бірақ, әр баланың
салған суретінің өзінше ерекшелігі болады. Бала сурет салудан бас
тартса, онда сұрақ қою арқылы сұрауға болады: « Айтшы, адамда
не бар?» жауабынан соң, мысалы «бас»-десе, онда бастың суретін
салып көрші. Осылайша, тағы да сұрақтар қою арқылы басқа да
мүшелерін салдырамыз. «Айтшы, адамда тағы да не бар?» осылайша
келесі аталған дененің мүшелерін салу ұсынылады. Соңында, «Сен
барлық керектілерді салдың ба?»- деп сұралады. Әр тапсырма + , «-»
белгілерімен бағаланады.
1. Егер, бала бірінші күрделі сурет жиындыларын дұрыс жинаса,
онда, « +» белгісімен белгіленеді. Бірінші күрделі сурет жиындыларын
дұрыс жинамай, екінші қарапайым сурет жиындыларын дүрыс жинаса,
онда « +»« белгісі қойылады. Егер екі сурет қиындысы да дұрыс
жиналмаса, онда «» белгісімен белгіленеді.
2. Адам суретін қалай бағалайтындары да ескеріледі. Негізгі
мүшелерінің болуы: а) басы, ә) көзі, б) аузы, в) мұрны, д) кеудесі,
е) қолы, ж) аяғы, болса:
Қосымша бөлшектерінің болуы: саусақтары, мойны, шашы, бас
киімі, аяқ киімі, т.б.киімдері болса:
Қолы мен аяғын бейнелеу қабілеттілігі: бір сызықпен немесе
екі сызықпен аяқ-қолының сызықтары, соңына дейін, қалың және
анық сызықпен көрініп тұрса, білінетін психологиялық әрекеттің
жаңа сапасы, балалардың жаңадан пайда болған қатынастары мен
байланыстарының өзгерілуін, талдап қорыту жүйесінде пайда болуын,
психологиялық негізде қайта құруын мәлімдейді. Сезім өрісінде бұл
248
өзгерістер бұрыннан бар әсерленушілігін талдап, қорытып және өзінің
жеке басының эмоциялық әсерленушілігінен басқа да қылықтары мен
бейімділігі біліне бастайды. Интеллектуалдық дамуы жағынан бұл
өзгеріс қоршаған орта заттар мен құбылыстардың лайықты санаттарына
талдау жасап, қорыту және бейімделу нәтижесінде көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |