28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет12/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Архивтану
(
лат.
archіvum) Архив – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын 
мемлекеттік арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі 
немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған 
жәдігерлер жиынтығы да архив деп аталады. 
Жазба деректерді жинастырып сақтау ісі тұңғыш рет Мысырда, Қытайда, 
Ежелгі Грекияда, Римде, тағы басқа елдерде мемлекеттік дәрежеде қолға 
алынды. 
Қазақ 
жеріндегі 
алғашқы 
мұрағатБөкей 
ордасында 
ашылды.Қазақстандағы архив жүйесі (республика, салалық, аймақтық т.с.с.) 
негізінен ХХ-ғасырдың 20-30-жылдары қалыптасты. Ұлттық архив ісінің 
бастауындаА.Байтұрсынов,С.Сейфуллин,М.Жолдыбаевсынды 
мәдениет 
қайраткерлері тұрды.
Мемлекеттік архив 1921-38 жылы Қазақ АКСР-і Халық ағарту халкоматының, 
1938–58 жылыҚазақ КСР-іІшкі Істер халкоматының қарамағында болды, 1958 
жылдан Министрлер кеңесіне бағындырылды. Облыстық, аудандық архив 
жергілікті әкімшіліктерге қарады. Архив қызметінің басты бағыттары: қор 
жинақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, қор құрамын зерттеп 
жүйелеу, ғылыми анықтамалар мен көрсеткіштер жасау; құжаттарды 
пайдалануды ұйымдастыру және жария ету. КСРО дәуірінде архив социализмді 
дәріптеудің идеологиялық құралы болды. Республикадағы барлық құжаттар 
айналымының 10%-ға жуығы коммунистік құндылықтар тұрғысынан мұқият 
сұрыпталып, мемлекеттік сақтауға – архивке жинақталды. Құжаттардың 
біржақты іріктелуінің салдарынан Қазақстанның шынайы тарихын бейнелейтін 
аса бағалы деректер архивке түспей, біржола жойылып отырды. Ал архив 
қорындағы құжаттардың басым бөлігі түрлі жасанды шектеулер қою арқылы 
зерттеушілерге берілмеді. 
Қазіргі архивтерде дәстүрлі қағаз құжаттардың түпнұсқаларымен және 
көшірмелерімен қатар фото-киноматериалдар, дыбыстық және бейнежазбалар, 
ақпараттың барлық жәдігерлер түрлері сақталады. Архивтерде мәңгілік 
мерзімге сақталып, қорғалатын тарихи деректер – мемлекеттің ішкі-сыртқы 


13 
жағдайы, экономика, саяси-идеология қатынастары туралы құжаттарұлттық 
байлықтыңбір бөлігі болып табылады. Тәуелсіз Қазақстан архивінің қызметіне 
халықаралық байланыстардың артуы оң ықпалын тигізіп отыр. 
Музейтану
музей ісі мен тарихын, оларды ұйымдастыру мен қызметтер 
жүйесін, әдістемесін зерттейтін ғылым саласы. Музейтану термині ХІХ 
ғасырдың екінші жартысында ғылыми айналымға енді. Музейтану арнайы пән 
ретінде музей ісінің теориялық және тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік 
негіздерін жасайды, музей ісіндегі тарихи-ғылыми, танымдық тәжірибелерді 
қорытындылайды.
Музейтануда 
археологиялық, 
этнографиялық, 
өнертану, 
палеография, 
нумизматика, жаратылыстану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен 
қолданылады. Музейтану ғылыми пән ретінде: музейтану теориясы, 
музейтанудың тарихы мен тарихнамасы, музейлік деректану методологиясы, 
музей педагогикасы, т.б. құрылымдарға бөлінеді. Музейтанудың теориялық 
тұрғыдан зерттелуіне ХХ ғасырдың 50–60 жылдары чех ғалымдары И.Неуступ-
ный, И.Бенеш, поляк ғалымы В.Глузинскийлерүлес қосты.1977 жылы өткен 
Халықаралық музейлер кеңесінің 11-конференциясында Халықаралық 
музеология комитеті құрылып, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу 
жолға қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет