28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет8/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Тарихи-генетикалық
әдіс деректану барысында жиі қолданылатын әдіс. Кез 
келген тарихи құжат бірден пайда болып әлеуметтік айналымға түспейтіні 
белгілі. Әсіресе мемлекеттік және қоғамдық мәні бар,заң жобаларыұзақ уақыт 
дайындалып, содан кейін барып қабылданады.Құжатты дайындаужәне 
қабылдау барысындақаншама ұсыныстар түседі, қаншама түзетулер енгізіледі. 
Соның барлығын деректанушы ескеруі қажет. Мұндай деректерді 
пайдаланғанда тарихи генетикалық әдістің көмегі зор. 
Тарихи-генетикалық әдісті қолдану Тит Ливийдің «История Рима от его 
основания» еңбегіне тән. Оны қолдану арқылы Ресей тарихы бойынша 
С.М.Соловьевтің және В.О.Ключевскийдің еңбектері, украин тарихы бойынша 
М.С.Грушевскийдің, белорус тарихы бойынша М.В.Довнар-Запольскийдің 
еңбектері жазылған. 
Тарихи-генетикалық әдісті Э.Литтре, Ж.Э.Ренан, Л.фон Ранке және т.б. сияқты 
тарихшы-позитивистер кеңірек енгізді. Тарихи-генетикалық әдісті қолданудың 
үлгісі ретінде Д.И.Неусыхин және В.К.Шохин сияқты тарихшыларының 
жұмыстарын атауға болады. 
Тарихи-генетикалық әдіс–деректің дайындалу және қоғамдық айналымға кіру 
үрдісін анықтау үшін қажет. Өзінің логикалық табиғатына қарай, бұл әдіс 
индуктивті – талдау болып табылады, ал ақпаратты көрсету формасына қарай – 
сипаттаушы болып саналады. Ол тарихи деректің «өмірбаянын» береді.Бұл әдіс 
құжатжасау процесінің динамикасын талдауға бағытталған. Ол осы процестің 
даму заңдылықтары мен олардың себепті-салдарлы байланыстарын анықтауға 
мүмкіндік береді. 
4. Оқулықтар мен оқу құралдарына қысқаша шолу 
Қазақ тілінде тек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 
профессоры
Қамбар Атабаевтың
жазған оқулығы ғана бар. Қазақстанның 
тарих ғылымындағы Қ.Атабаевтың еңбегінің ерекшелігі – осы ғылымда 
пайдаланылатын дереккөздерінің өзіне талдаулар жасау арқылы нақтылығы 
жоғары мәліметтерге жетуді мақсат тұтқан ғылым саласы – деректанумен 



айналысқандығы. Ол соңғы 20 жыл көлемінде осы сала бойынша 2 ғылыми 
монография, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет