Көрсеткіштермен жұмыс оның мазмұнымен мұқият танысудан басталады.
Бұл жердегі материал сені тақырыбыңа сәйкес келе ме? Хронологиялық
шеңбері қандай?
Одан кейін оның кіріспе бөлімінен әдебиеттердің территориялық
немесежазылған тілі бойынша жинақталғандығын анықтайсыз.
Содан кейін мына төмендегі сұрақтарға жауап іздейсіз: а)жинақтарға
жарияланған мақалалар бар ма? б) диссертаця авторефераттары кіргізілген бе?
в)депондалған (Ғылыми-ақпарат институтында ғылыми зерттеулердің нәтижесі
туралы қолжазба сақтауға қабылданады да оның рефераты арнаулы
журналдарға жарияланады. Мұндай жұмыстар жарияланған болып есептеледі.)
ғылыми жұмыстар қамтылған ба?
Көрсеткіштің барлық бөлімдерін мұқият қараған жөн. Бір бөлімін қарап,
екіншісін тастап кетуге болмайды. Ескерусіз бөлімде сізге ерекше қажет
материалдар болуы мүмкін. Әсіресе
қысқартылған сөздер тізіміне көңіл
аударыңыз.Онда қажетті бір басылымның толық аты болады. Қосалқы тізімнің
(алфавиттік,географиялық, пәндік) де көмегі шексіз.
Библиографиялық көрсеткіштер әрқылы. Сондықтан да олардың әрқайсына
сипаттама берудің артықшылығы бола қоймас
. *Библиографияның библиографиясы. Тарихты әр кезеңі, проблемасы тақрыбы
бойнша да көрсеткіштер болады. Жалпы тарихшы дерек жинаудағы жұмысын
осыдан бастау керек.
*Анықтамалықәдебиет. тарихшы толып жатқананықтамалық құралдарды
білуі керек. ондағы мәліметтердің көмегі орасан зор.Қажетті цифрлық
мәліметтерді, даталарды анықтауға,терминдерді,түсініктерді,сөз-тіркестерін,
жасырын сөздерді түсінуге көмектеседі.
*Энциклопедиялар. Осы типтес анықтамалық басылымдар тарихшының
бірінші кезектегітанысатын әдебиеттердің бірі. Олар ғылымның барлық
158
салаларынан мағұлымат беретін
универсалды,арнаулы және салалық болып
үшке бөлінеді. Олар кейде көп томдық немесе қысқаша сөздік болып келеді.