157
түрінде) болады. Мезгілінде толықтырып, өзгертіп отыруға ыңғайлы
болғандықтан, карточкалы каталог көп тараған.
Библиографиялық көрсеткіштермен жұмыс істеу әдістері
Көрсеткіштерді дұрыс пайдалану зерттеуші жұмысын көп жеңілдетеді. Олар
кітапхананың анықтамалық – библиографиялық бөлімдерінде орналасқан.
Зерттеу жұмысыңды деректермен қамтамасыз етуде, олардың авторларын,
датасын, шыққан жері сияқты мәліметтерді анықтағандакөрсеткіштердің көмегі
мол.
Әлем тарихы, оның кезеңдері, белгілі бір өңір тарихы,нақты бір проблемаға
арналған көрсеткіштер болады. Осы күні тарих ғылымыныңсалалары жөніндегі
әдебиеттерді жинақтаған, тарихи журналдар мен жинақтарда жарияланған
мақалаларға арналған көрсеткіштер де бар.Тіпті деректердің әр түрлерін
топтастырған көрсеткіштер де жарық көруде.Бірақ олардың бар екендігін біліп
қою аз, олардан өзіңе қажет ақпарат алу әдістерін меңгерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: