Позитивті ойлау көзқарасы тұрғысынан тарих ғылымы қандай да бір философиялық құрылымға сүйеніп, ешқашанда өз қорытындыларын жасамауы қажет. Оның тәжірибелік таным жолы тарихифактілердітиянақтау,
сипаттау және жалпылау. Зерттеуге лайықты тарихи фактілерге позитивистер
типтік және ұжымдық оқиғаларды, бұқаралық қозғалыстар мен қоғамдық құбылыстарды жатқызды.
Тарихтың өзі– күрделі, көпфакторлы процесс. Оның қозғаушы күші ретінде әртүрлі позитивті мектептер, түрлі географиялық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени,идеологиялық және психологиялық факторлардың қиылысуынан көрді. Нақты фактілер құжаттарды сыни зерттеу арқылы анықталды. Зерттеуші жұмысының нә- тижесі алынған фактілерден тарихи көріністі құрау болды. Осылайша,
позитивті әдіснама тарихи зерттеуді екі кезеңге бөлді: деректанулық – сын және тарихи синтез (көріністі құрастыру) .
Әдіснаманың
деректанулық бөлігіэвристикадан (бастапқы процестер) және деректанулық анализ әдістемесінен (аналитикалық процестерден) тұрды.
Эвристика қамтыды:
тарихи деректерді анықтау және жіктеу, оларды іздеу, түрлі құжаттар жинағын сипаттау және бағалау, қосымша тарихи пәндерге сипаттама беру. Деректанулық анализдің мақсаты
куәгердің баяндаған мәліметтерінің шынайылығын бағалау, шынайы фактілерді алу және фактілерді шынайы емес
хабарламалардан бөліп алу.Ол
деректің сыртқы және ішкі сынынан және оны түсіндіруден тұрды. Осылайша қарастырылған құжат тарихшыға қажет
және қажет емес бірқатарфактілерге арнайы өңделіп, өз тұтастығынан
айырылды. Жалпы деректің, өз