28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


өткенінің органикалық бөлігі ретінде



Pdf көрінісі
бет24/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

өткенінің органикалық бөлігі ретінде 
позитивті тарихшы үшін дербес мағынасы болған жоқ
. Позитивизмнің 
елеулі кемшілігі тарихи танымның субъективті жағын түсінбеу болды.Жалпы 
позитивті деректану бұрынғы мектептер сияқты тарихи деректерді алдын ала 
өңдеудің жалпы әдістемесін қолданып, тарихи сын дәстүрін жалғастырды. 
Дерекке 
прагматикалық 
көзқарасқа 
қарамастан, 
орыстың 
позитивті 
тарихшылары құжатқа деген қызығушылықты қалыптастырды.1868 жылы. 
Берлин университетінің проф., реакциялық пруссия мектебінің өкілі 
Иоганн 
Густав Дройзеннің«Тарих ғылымдарының негізі
» 
зерттеуі шықты. Бұл кітапта 
деректерді жіктеуге және сыни талдауға арналған бөлімдер бар. Кітап тарихшы-
лар үшін әдіснамалық және практикалық нұсқаулық ретінде қолданылды. Ол 
автордың 1857 жылдан бастап он жыл бойы оқыған лекция курсының негізінде 
құрастырылды. 
«Тарихтан бізқұдайды түсінуге үйренеміз және тек құдаймен 
ғана тарихты түсінеміз,– дейді Дройзен.
Автордың теологиялық пікірлері, 
бүкіл жұмыстың идеалогиялық бағыттылығы анық көрінеді. Кітапта пси-
хологиялық анализ бен тарихи деректерді түсіндіруге үлкен орын берілген. 


23 
1886 жылы ағылшын 
профессоры Эдуард Фриманның «Тарихты зерттеу 
әдістері
» 
кітабы жарық көрді

Ол 1884 жылы автор Оксфорд университетінің 
студенттеріне оқыған сегіз лекциядан тұрды. Онда деректанудың негізгі 
теориялық сұрақтары қарастырылмаған. Кітаптың атауы бойынша автордың 
басты назарында тарихты зерттеу әдістері болуы керек еді, алайда олар үстірт 
берілген. 
1889 жылы неміс тарихшысы
Эрнст Бернгеймнің«Тарихи әдістердің 
оқулығы»
деген ауқымды еңбегі жарыққа шықты.ОлГамбург қаласында 
саудагер отбасында дүниеге келген.1868 жылы Берлин университетінің тарих 
бөліміне оқуға түседі,бірақ кейін Страсбург университетіне ауысты. 1872 жылы 
Орта ғасыр тарихы бойынша докторлық диссертациясын қорғайды.Оған екі 
бірдей 
ғылымның:Философия 
және 
құқық 
докторы 
дәрежесі 
беріледі.1883жылы Грайфсвальд университетінің экстроординарлы профессоры 
қызметіне шақырылады.1899 жылы сол университеттің ректоры болып 
сайланды.Алманияда ұлтшылдар үкімет басына келген уақытта ол еврей 
болғандықтан қуғынға ұшырайды. Оған лекция оқуға тиым салынады.1935 
жылы оны Алмания азаматтығынан шығарады.Университет оқытушыларының 
өтініші бойынша оған уақытша азаматтық беріледі. Бірақ ұлтшылдық 
пиғылдағы тарихшылар оның еңбектерін барынша қаралауға тырысты. 1942 
жылы Э.Бернгейм қайтыс болды. Оның аты ғылымда тарихнама,деректану 
және әдіснама маманы ретінде сақталып қалды. 
Бернгейм өзіне дейінгі ғалымдардың шығармаларындағы тарихи зерттеу 
әдістерінің зерделенуін баяндады және осы мәселені өзінше түсіндірді.Олтарих 
ғылымының мәні меноның алдындағы міндеттерін көрсете келіп басқа 
қоғамдық 
ғылымдармен 
байланысына 
тоқталады.Бірқатар 
тараулар 
деректануға: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет