28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет55/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Тәж–Махал
– Үндістандағы ең әйгілі ғимарат жәнеЮНЕСКО әлемдік мұра 
нысаны.Делиден 204 шақырым жерде орналасқан. Әлемге танымал бұл Тәж –
Махал кесенесін Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шах 13 бала туып, 14-інші баладан 
қайтыс болған тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған.1630 жылы басталған 
кесененің құрылысы 22 жылға созылған. «Өлмес махаббат» нышаны болып 
саналатын Тәж - Махал – әлемдегі жеті кереметтің бірі. Төрт құбыласында төрт 
минареті, биіктігі 74 метр бес күмбезі бар ақ мәрмәрдан салынған мазардың 
құрылысына Орта Азия, Парсы, Таяу Шығыс елдерінен 20 мың зергер-ұсталар 
жұмылдырып, құрылысты 1643 жылы аяқтады. Тәж - Махал ансамблі – 
архитектураның шыңы.
Жамуна өзенінің арғы бетінде қара мәрмәрдан жасалған іргетас жатыр. Жақан 
осы жерге қара мәрмәрдан өзіне арнап тура сол Тәж Махалдың көшірмесіндей 
мовзалей салуды жоспарлайды.Екеуінің арасында ағып жатқан Жамуна өзеніне 
қос мазарды жалғастыратын көпір салынуы тиіс еді. Алайда мемлекеттің 
қазынасы тағы бір құрылысты көтере алмайтын болды. 1658 жылы Жақан 
шахты ұлы Аурангзеб орнынан алып, Қызыл бекініске қамап қойды. Тоғыз жыл 
қамауда отырған Жақан шахты қайтыс болғаннан кейін тоқалының жанына 
апарып жерледі. 
Еуропа өркениетінің орталығы – Рим қаласы. Үш мың жылдық тарихы бар 
қаладаархитектуралық ескерткіштердің озық үлгілері осы күнге дейін адамды 
таң қалдырады. Әулие Петр Соборы,Венеция сарайы,Сикст капелласы, 
Капитолий 
Консерваторлар 
сарайы,Рим 
форумы,Апий 
жолы,Треви 
субұрқағы,Әулие Каллиста Катакомбасы,Испания алаңы,Пантеон,Әулие 
періште қамалысияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар 
еді.
Көне Римнің ғажайып ескерткіштерінің бірі 
Колизей
. Атауы латынның 
«колоссеум» («алапат ауқамды») деген сөзінен шыққан. Бұл амфитеатрдың 
ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр, бұл 
дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үймен тең, іргетасының тереңдігі 13 метр, 
амфитеатрдың мыңдаған жыл бойы қозғалмай тұрғанының да себебі сонда.
Колизейге бір мезгілде 50 мың көрермен сыятын болған. Мұндай ауқымдағы 
стадионға 100000 мың адам да сыйып кететіні белгілі, бұл арадағы 
айырмашылық ерте замандағы көрермендердің қазіргідей сығылыспай, еркін 
отырғандығында. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар 


49 
айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда 
бүгінгідей трибунасы, секторлары, отыратын орны көрсетілген билеттер 
болған, сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын да жер болған. 
Мәңгі қаладағы тағы бір құдірет – 
Пантеон
. Таң қаларлық басты қасиеті – 
архитектуралық шешімнің қарапайымдылығы. Пантеонның кереметі – оның 9 
метрлік шаңырағы. Онда жалғыз есік пен жалғыз тесік бар. Нөсерлеген жаңбыр 
жауса да, оған бір тамшы су тамбайды. Оған кіргеннен-ақ бір жерден түсетін 
күн сәулесі тек қана сіздің жүзіңізге түскендей тылсым бір күй кешесіз. Оның 
себебін түсіндіру қиын. 
Римге барған адам Ватикан мемлекетіне соқпай кетпейтіні белгілі. Католик 
әлемінің ең қасиетті ғибадатханасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет