ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ғында жанрға бөлген үлгіні негізге
ала отырып, оны толықтыра, дамы-
та келіп, әр жанрды бірнеше түрге
бөліп тексеруде соны жаңалықтар
кіргіз ген. «Әдебиет тарихын» негізге
алды дегендегі ойымыз жанрға жүйе-
леу де кездесетін ұқсастықтар ғана
емес, сонымен қатар кейбір ғылыми
пікірлердің де ұқсас шығуы. Мы-
салы, батырлар жырын ұлы батыр,
кіші батыр деп бөлу және ертегі-
лер, жұмбақ, мақал-мәтелдердің екі
еңбекте де бір топқа жатқызылуы осы
пікірімізге айқын дәлел. Оқулық та
ауыз әдебиеті үлгілері үлкен 4 топқа
жіктеліп, тұрмыс-салт өлеңдерінен
басқалары іштей түрге бөлінбеген
болса, мақалада басқа әдебиетші-
ғалымдардың жасаған классифика-
циясына сүйенген. Әсіресе, С. Сей-
фуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқу-
лығының әсері айқын байқалады. Не-
гізінен алғанда мақала – сол кездегі
әр түрлі оқулықтар мен ғылыми
мақалаларда айтылып жүрген ауыз
әдебиеті үлгілерін жіктеуді белгілі
бір жүйеге түсіріп, классификация
жасау мақсатында жазылған зерделі
еңбек.
М. Әуезов оқулықта халық әде-
биетін «Ауызша әдебиет түрлері»
деп төрт топқа бөлгенде батырлар
жырын, лиро-эпосты, тарихи жыр-
ларды «Әңгімелі өлеңдер» деп бір
топқа қосқанмен, тексеру барысын-
да жеке тарау етіп талдаған бола-
тын. Оқулықта мазмұны бойынша
ауыз әдебиетінің жанрлық тұрғыдан
алтыға бөлген-ді. Осы алтыға бө-
лінген жүйе мақалада да сақталған.
Алайда эпостық, лиро-эпостық, та-
рихи жырлар енді жанр ретінде
алынған.
Мақала қазақ фольклористика
ғылымына екі жаңалық әкелді. Бі-
ріншіден, оқулықтағы қиял, салт,
мысқыл-мазақ (сатира) ерте гілер
деп сөз арасында ғана айтылып
жеке қаралмаған қазақ ертегі лерін
та қырыптық, мазмұндық ерек ше-
ліктеріне сай алты түрге бөліп, әр-
қайсысына нақты мысал келтіре
отырып сипаттама беруі еді. Қазақ
ертегілерін қиял-ғажайып, хайуанат-
тар, салт-сана, байларға арналған,
аңыз ертегілер, күй аңызы деген
түрлерге жіктеп, негізгі сипатта-
рын, ерекшеліктерін көрсеткен.
Екін шіден, оқулықта жанрға бөлу
барысында ертегілермен бір топқа
жатқызылғанмен, жеке қарасты-
рылмай қалған жұмбақ пен мақал-
мәтелдер, күлдіргі-өтірік ертегі са-
налып кеткен аңыз әңгімелер дара
тексерілген. Әсіресе, Қорқыт, Алдар
Көсе, Асан қайғы, Жиреншелерді
жеке-жеке сөз ету арқылы аңыз-
әңгімелерді келешекте жеке жанр
ретінде зерттеуге болатынына ғы-
лыми бағыт берілген. Фольклорлық
шығармаларды талдау барысында
олардың поэтикасына, теориясына
тереңдеп бара қоймаса да халық ты-
ғы, тарихилығы мәселелеріне үнемі
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У