Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет119/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
насынан туған» дейді. Сөйтіп бір 
кітапта Сәкен өзіне өзі қайшы келе-
ді». Әрине, бұл сықылды пікірлердің 
кездесуі Сәкен өзі айтқандай «бүгін-
ге дейін қазақ әдебиеті туралы еңбек-
тің жоқтығымен» және С. Мұқанов 
айтқандай «әдебиеттану ғылымының 
сол кездегі жасандығынан».
С. Сейфуллиннің бұл оқу құра-
лында халқымыздың ғасырлар бойы 
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келген 
ру хани байлығы түгел қамтылып, 
оның жанрлары мен түрлері ғылыми 
жүйелікте жіктелген. Қазақ халқы ның 
бастан өткізген тарихи кезеңдері мен 
тығыз байланыстылықта ала оты-
рып, ауыз әдебиетінің әрбір үлгі сіне 
ғылыми-зерттеушілік көзқа рас та нақ-
ты пікір білдіреді.
Халық шығармашылығының ең 
көрнекті де үлгілі нұсқалары ғы-
лыми жүйеге салынып, оның ішкі 
жанрлары сараланды, көне тарихты 
көркем туындылармен сабақтастыру 
негізінде жоғары оқу орындары-
на арналған қазақ әдебиетінің оқу 
құралы жасалды. Бұл маркстік-ле-
ниндік әдіснама негіздеріне сай си-
патта болғанымен қазақ әдебиеттану 
ғылымының туу дәуірі үшін зор 
табыс болды. Шынында да, оқу құ-
ралдарындағы фольклорлық әрбір 
үлгінің шығу себебі мен сырын баян-
дап, оған ғылыми-эстетикалық тал-
дау жасауы, зерттеушілік ой-пікірдегі 
нақты тұжырымдар білдіруі, халық 
ауыз әдебиетінің даму құбылыс-
тарын тексеруге қадам жасауы – шын 
мәніндегі ғылыми-зерттеу еңбек тер ге 
тән қасиеттер.
Бұл еңбекті «қазақтың әдебиет-
тану ғылымына алғашқы тартылған 
сүрлеу» деп бағалаған уақытта 1930 
жылдардағы әдеби-теориялық және 
әдеби-тарихи талдау жасай зерттеу 
бағытындағы ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің өрісін кеңейткен, тыңнан 
қозғаған жаңа бастамаларына да кө-
ңіл аудару қажет. Олар жоғарыда 
көрсетілген әдебиетші-ғалымдардың 
еңбектерінде қаралғанын ескере оты-
рып, бүгінгі таңдағы тарихты жа ңа-
ша таразылау көзқарасына сай атап 
қана кетсек те жеткілікті.
С. Сейфуллин ғалымдық білгір-
лікпен сол кездегі әдебиеттану ғы-
лымындағы орын алған «бірыңғай 
ағым теориясына» байланысты «қа-
зақта әлеуметтік таптар жоқ, сол се-
бептен бізде таптық әдебиетте жоқ» 
деген көзқарасқа маркстік-ленин-
дік әдіснама негізіне сүйене отырып 
осы еңбегі арқылы соққы беруге ұм-
тылды. Себебі, әдебиеттің таптығы 
прин ципі ауыз әдебиетінің белгілі 
бір жан рын не болмаса жеке шығар-
маны сөз еткен мақалаларда шет-
пұшпақтай ғана айтылып, бұл тура-
лы ғылыми тұжырым жасала қойма-
ған еді. «Қазақ әдебиетіндегі» «қай 
дәуірде болса да әдебиет тап құралы 
болады» деген қорытындының қа-
зақ әдебиеттану ғылымында алғаш 
айтылуынан, ғылыми-зерттеушілік 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет