ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
талаптарын ашық қоя білетіндігін
де,
қазақ ауылындағы тап күресін дұ-
рыс байқайтындығында. Бірақ бұл
екі ұрпақ жазушылар негізінде бір-
біріне қайшы бағыттағы әдебиет
ағымы емес, қайта жалпы әлеумет-
тік бет алыстарында бір-бірін жақ-
тай отыратын жазушылардың топта-
ры», – деп ажырата жіктеп, қайтадан
тұтастырып жіберуінен әдебиет-
тің таптығы принципіне сай туған
шарттылықтың сипатын аңғару қиын
емес [54, 7].
Оқулықтағы тағы бір үлкен
мәсе ле – сыншыл реализм деген
терминді қолдану жайы. Е. Ысмайы-
лов сыншыл реализмді көркемдік
әдіс тұрғысынан емес, идеялық ны-
сана дәрежесінде түсініп, ғылыми
қателікке ұрынған. Шындығына кел-
генде «Қазақ әдебиетінде сыншыл
реализм әдебиеті Асан қайғы, Бұ қар
жыраудан басталып, Шортанбай-
дың заманында толық қалыптасты.
ХІХ ғасырдың 50-60-жылдары от-
аршылдар мен аға сұлтандар елді
қырумен, талаумен, атып-шабумен
ха лықтың айбынды ерлік күресте рін
басу нәтижесінде туған ауыр жағ-
дай, ауыр қайғы, мұң-зардың болуы
сыншыл реализм әдебиетін туғы за-
ды (Шортанбай, Әубәкір, Мұрат)», –
деп тұжырымдауына қарағанда, сын -
шыл реализмді көркемдік әдіс ма-
ғынасында емес, әр ақын-жазу шы-
лардың шығармасының маз мұнына
лайықтап, сынап-мінеу тұрғысынан
ғана түсінгендігін шамалауға бола-
ды. Қазақ әдебиеттану ғылымында
сыншыл реализмнің теориялық негізі
бұл кезде толық айқындалмаға нын
ес керсек, мұндай қате көзқарасқа
ұрыну бір себептен түсінікті де еді.
Міне, сондықтан алғашқы бас-
таудан кеткен қателік авторды екін-
ші қателікке жетектеген. Оны біз
демократияшыл әдебиетке берген
анық тамасынан байқаймыз. «Қа-
зақ тың демократияшыл әдебиетінің
не гізі – фольклорда. Демократия-
шыл әдебиет ағымы Абай шығар ма-
ларында басталған болатын, ал ХХ
ғасыр әдебиетінде демократияшыл
әдебиет дамып, шын мәнінде жа-
салды. Демократияшыл әдебиеттің
ерекшелігі не еді? Мұның идеялық
көркемдік беті, өрісі қандай болды?
Бұл әдебиеттің алдына қойған та-
лаптары, алған тақырыптары халық
өмірінің ең түйінді мәселелері болып
отырды. Халықтың саяси пра во сы,
рухани-экономикалық құлдықтан азат
болуын жылау-жалбарыну жолы мен,
немесе тәңірден тілек тілеу жолы мен
емес, күреспен, қалың бұқараның
күшін біріктіру жолымен жеңу, ке-
лешектен жақсылық күту», – деген
тұжырым жалпы сыншыл реализмнің
мән-мақсатын, негізгі идеялық ны-
санасын жыға түсінбеуден туған.
Сол себептен де сыншыл реализм-
ге тән сипаттарды демократияшыл
әдебиетке оп-оңай дарыта салғанын
көреміз. Әйтсе де жаңа көзқарастағы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У