ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
драманы жанрлық тұрғыдан зертте-
уге ұмтылған, ұлттық әдеби-теория-
лық ой-пікірдің өресін танытқан
ма қалалар деп атауға болады. Оған
М. Әуезовтің «Қызыл сұңқарларға»
жазған сынын («Шолпан», 1922, №2-3),
Д. Ысқақовтың «Бәйбіше-тоқал»,
«Қорғансыздар», С. Садуақасовтың
«Ал тын сақина» ойыны туралы («Ең-
бекші қазақ», 1926, № 18), «Бәйбіше-
тоқал» («Еңбекші қа зақ», 1926, №24)
секілді мақалалар жатады. Бұларды
жеке жанрды ішкі құрылысына тал-
дау жасай отырып теориялық тұрғыда
зерттеудің ең алғашқы ізашарлары
деп бағалаған орынды болмақ.
Екінші сипаттағы мақалаларды
«тұрпайы социологизм» ықпалы
мен маркстік-лениндік эстетиканың
та лаптарына сай жазылғандар деп
атаған дұрыс тәрізді. «Тұрпайы со-
циологизм» маркстік-лениндік әдіс-
наманың әдебиеттің таптығы прин-
ципіне сай туындап, солақай социо-
логиялық талдауды басшылыққа
ал ғандықтан, екеуін бірге алып отыр-
мыз. Оларға «Тілекшінің» «Cауық
кеші», Н. Төреқұловтың «Бақыт жо-
лындағы сын», Т. Арыстанбековтің
«Жыл құсы», «Жауқашар» деген
автордың «Еңлік-Кебек», «Алакөз»
деген автордың «Арқалық батыр»,
М. Көшекұлының «Қаракөз», О. Жұ -
мабайұлының «Қаракөз» және тағы
басқа да мақалаларды жат қызуға
болады. Бұлардан «тұрпайы социо-
логизмді» көзқарас араласа жүріп,
әдеби-теориялық ой-пікірде маркс-
тік-лениндік эстетика талаптарының
үстемдік құруға ұмтылған қадам-
дары анық сезіледі. Мысалы, О. Жұ-
мабайұлының
«Қаракөз»
ма қа-
ласы тұнып тұрған «тұрпайы со-
циологизмде» жазылып, шығарма
оқиғасын таптық көзқараста сабақ-
тап әкету басым түсіп: «Қаракөзге»
бәйге беру түгіл, басылғанына таң
қаламыз. «Қаракөзді» мұнан бы-
лай еңбекшілердің театрына қоюды
доғарып, қараттырмау керек. Дін құ-
ралы, қиялилардың құралы, қазақ
ең бекшілерінің әдебиетін былғамай,
еңбекшілерді байлардың әдебиетіне
үгіттеп үндетпей, тез арада тиісті
орындар қарап, «Қаракөзді» зерт-
теп керекті шарасын қолдансын», –
деген үкім шығарды [59, 37]. Мұн-
да трагедияға теориялық талдау
жасаудың еш белгісі көрініс тап-
паса, Мұстафаның «Еңлік-Кебек»,
«Қаракөз» атты мақалаларында шы-
ғармаға маркстік-лениндік ілім не-
гізінде талдау жасауға деген талпы-
ныс танылады.
Үшінші сипаттағы мақалаларды
драмалық шығарманың сахналық қо-
йылымына арналып жазылған театр
сыны деп атаған дұрыс. Алғашқыда
театр труппаларының сауық кешін-
де қойылған шығармаларды сөз
еткен бұлар ұлт театрының ашы-
луына байланысты көптеп жария-
ланды. Саны жағынан жүзден ас-
там бұл мақалаларда драманың
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У