Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет245/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тан кешіріп келе жатқан әдебиет 
сыны мен ғылымының тарихында 
іркілістер мен бұралаңдарға ұшы-
раған бұл да бір кезеңі болды. Бұл 
ұлттық әдебиеттану ғылымының туу 
кезеңінде айрықша еңбек етіп келген 
әдебиетші-сыншы кадрларды екінші 
рет әдеби, ғылыми ортадан ала-
стап тастады. Олардың әдеби және 
ғылыми мұрасын 1950 жылдардың 
орта кезіне дейін зерттеу және пай-
далану мүмкіндігінен айырылған 
ұлттық әдебиеттану ғылымы ғасыр-
ларға созылған ұзақ жолында өте 
ауыр жағдайға тап келді. Бірақ сараб-
дал сыншы-әдебиетшілердің 1920-
1930 жылдардағы әдебиет теориясы 
бағытындағы қажырлы ізденісте-
рінің жемісі ретінде танылып, ұлт-
тық әдебиеттану ғылымының туу 
кезеңінің аяқталғанының куәсі ре-
тінде Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет те-
ориясы» (1938), Е. Ысмайыловтың 
«Әдебиет теориясының мәселелері» 
(1940) жарыққа шықты. Бұл жерде 
ұлттық әдеби-теориялық ой-пікірдің 
шын мәнінде ұшқырлық таныт-
қанын, дәуір талабынан табылуға 
ұмтылғанын атап айту керек. Орыс 
әдебиеттану ғылымында маркстік-
лениндік эстетикаға негізделген 
Л. Тимофеевтің «Теория литера-
туры» (1934), И. Виноградовтың 
«Әдебиет теориясы» (1936), «Борь-
ба за стиль» (1937), Г. Поспеловтің 
«Теория литературы» (1940) ата-
латын еңбектері енді ғана жарық 
көрген еді. Партия мен кеңестік 
идеология ғылым, өнер, әдебиеттегі 
«буржуазиялық», «ұлтшылдық» көз-
қарастарға «аяусыз күрес» жүргізе 
отырып, маркстік-лениндік әдісна-
маны қоғамдық ғылымдарға, оның 
ішінде әдебиеттану ғылымына, оның 
сыншылдық, әдеби-тарихи, әде би-
теориялық ой-пікіріне мықтап ор-
нық тырды.
Қазақстанда 
«халық 
жаула-
рын» әшкерелеу науқаны ерекше 
қарқынмен жүрді. Ол ұлттық әде-
биет тану ғылымының туғандығын 
дәлелдеп берген, келешектегі ғы-
лыми-зерттеу жұмыстарының бағыт-
бағдарын біршама анықтаған оқу-
лықтар мен оқу құралдарын, зерттеу 
мақалаларды, ғылыми еңбектерді 
түгелге жуық пайдаланудан шыға-
рып тастады. Ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің қалыптасуына еңбек сі-
ңірген, шығармашылық кескін-кел-
бетін айқындап енді жасақтала бас-
таған сыншы әдебиетші кадрлары 
тағы да саясаттың құрбандығына 
айналды. Бірақ, партияның көркем 
өнер мен ғылым саласындағы сая-
саты мен идеологиясы оған қараған 
жоқ. Дүниетанымдық көзқарасы со-
циалистік қоғам рухында тәрбие-
леніп, әдебиетке енді ғана араласа 
бастаған жас күштердің алдына ора-
сан зор міндеттер қойды. Олардың 
бірі орта және жоғарғы мектепті 
маркстік-әдіснаманы 
басшылыққа 
ала отырып жазылған оқулық, оқу 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


263


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет