ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
құралдарымен
қамтамасыз
ету
міндеті болды. Міне, сондықтан
Қ. Жұмалиев пен Е. Ысмайылов-
тың әдебиет теориясының күрделі
мәселелеріне бара алған еңбектерін
сөз еткен уақытта, зерттеу нысанасы-
на алып отырған саланы жан-жақты
қарастыруға мүмкіндік бермеген за-
ман талабын есте ұстау керек.
Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет тео-
риясы» мектепке арналған оқулық
жасау мақсатында жазылып 1938,
1940, 1941, 1942 жылдары бірне-
ше рет басылып шықты. Негізінен
орыс әдебиеттану ғылымындағы тео-
риялық еңбектерді, әсіресе И. Ви-
ноградовтың
«Әдебиет
теория-
сын» басшылыққа алғандықтан да
аудармалық сипаты басым болды.
Автордың өзі «Кітаптың кейбір бө-
лімдері, жеке әдебиет мәселелері Ти-
мофеев, Виноградов кітаптарынан,
жаңа әдебиет энциклопедиясынан
тура алынып отырылды. 1937-1938
оқу жылында жоғарғы дәрежелі пе-
дагогикалық мектептерге арнап жа-
салған әдебиет теориясының про-
граммасына сүйеніп жазылды», – деп
атап жазғандай, орыс әдебиеттану
ғылымындағы зерттеулерді бас-
шы лыққа алды. Бұл еңбектер жа-
зылған кезде 30-жылдары жазылып
пайдалануда болған оқулық, оқу
құралдарының барлығы «халық жау-
ларының» еңбектері ретінде қол-
дануға тыйым салынған еді. Сон-
дықтан
1930-жылдардың
соңы,
1940 жылдардың басында жазылған
оқулықтар мен хрестоматиялардың
мектептерді оқу құралдарымен қам-
тамасыз ету қажеттігін атқарған та-
рихи мән-маңызы да өте зор болды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының
теориялық ой-пікірінің өскелең ізде-
нісін танытқан Қ. Жұмалиевтің «Әде-
биет теориясы» (1938) Е. Ысма йы-
лов жазған «Әдебиет теория сының
мәселелері» (1940), А. Байтұрсынов
«Әдебиет танытқышында» негіз дел-
ген ұлттық әдеби-теориялық ой-пікір
арнасының тарихи және ғылыми
заңды жалғасы болып табылады.
Авторлар тек орыстың теориялық
еңбектерін ғана пайдаланумен шек-
телген жоқ, ұлттық танымдағы құ-
нарлы ой-пікір сабақтастығын қиын-
нан қиыстыра білді. Оны акаде-
мик З. Қабдоловтың: «Ақаң жоқта
біздегі әдебиет теориясы басы жоқ
кеуде секілді еді. Ал басы жоқ кеу-
де бола ма? Қайтейік, болды деп
келдік. Мәселен, айшықтаудың (фи-
гураның) арнау деген түрі бар. Бү-
кіл дүниежүзілік әдебиет теория-
сында Арнау деген бірақ түр: ша-
уып шықса, бұған шешендік сұрау
қосылып қана ажарлануы мүмкін.
Ал қазақ поэзиясында Ақаң осының
үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай
арнау, жырлай арнау) тауып қосып,
құлпыртып әкетеді. Әдеттегі дәстүр
жалғастығының заңына орай, осы
үш түрлі арнауды әрқайсымыз өзі-
мізше пайымдап, қисындап, кей-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У