Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет271/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
көрсеткіштер дәрежесінде көрініс 
тапты. Оларды баспаға дайындаған 
М. Дулатов еді. Бұлар тек төңкерістен 
бері қарай жарық көрген қазақ 
тіліндегі кітаптарға арналған биб-
лиографиялық көрсеткіштер бола-
тын. Толық әрі жан-жақты жасал-
ма ға нымен, бұлар қазақ библиогра-
фиясының бір қадам алға басқанын 
танытатыны анық еді. Бірақ, алаш-
шылдарды қудалауға байланысты, 
бұл іс еріксіз үзіліп қалды да, тек 
қырқыншы жылы қайта жалғасты.
Негізінен библиография уақыт 
тұрғысынан алғанда ағымдық және 
ретроспективті деп екіге, мазмұны 
жағынан жалпы, персональды, та-
қырыптық библиография деп үшке, 
ал мақсаты жағынан көпшілікке 
арналған және ғылыми-зерттеу жұ-
мыстар үшін ғылыми библиография 
болып екіге бөлінеді екен [25, 23]. 
1940-55 жылдар аралығындағы сөз 
еткелі отырған библиографиялық 
көрсеткіштер негізінен ретроспек-
тивті (белгілі тарихи кезең мате-
риалдарынан құрастырылған, пер-
сональді және ғылыми-зерттеу жұ-
мысына арналғанын байқаймыз. Бұл 
бағыттағы жаңа қадам 1940 жылы 
Абайдың екі томдық жинағын ба-
стырып шығаруға байланысты жұ-
мыстарға орай көрінді. Ұлы ақынның 
туғанына 95 жыл толуына арналған 
«Абай» атты библиографиялық көр-
сеткішті Ы. Дүйсенбаев, Е. Ысмайы-
лов, Қ. Бекхожиндер 1940 жылы бас-
тырып шығарды. Осыдан бастап же-
ке ақын-жазушы шығармашылығына 
арналған (персональді) библиогра-
фиялар жасау ісі қолға алынды. Осы 
кездегі қазақ библиографиясының да-
муына ерекше еңбек еткен Н. Сәбитов 
болды. Абайға арналған алғашқы 
көрсеткіште сыни библиографиялық 
материалдар, өлеңдер ғана қамтылған 
болса, Н. Сәбитов оны толықтыра 
дамыта отырып, 1946 жылы «Абай» 
атты (қазақша-орысша) өз еңбегін 
шығарды. Онда ақынның 1889-
1945 жылдар аралығында басылған 
шығармалары мен ол туралы жазыл-
ған танымдық, зерттеушілік еңбек-
тер дің барлығы библиографиялық 
тұрғыда жүйеленді.
Бұл библиографиялық көрсеткіш-
тердің ғылыми танымдық мәні зор 
еді. Себебі, Абай шығармашылығын 
зерттеуге негіз боларлық еңбектерді 
бір жүйеге келтіріп қана қоймай, 
ақынның академиялық толық жи-
нағын шығаруға, текстология мә-
селелерінің нақты сөз бола бас-
тауына өз әсерін тигізгені анық. 
Мысалы, текстология, яғни ақын 
шығармаларының түп нұсқасын 
анықтау, нақтылау мәселесі осы ака-
демиялық жинақтағы түсініктерде 
біршама көтерілсе, Б. Жақыпбаевтың 
«Абай шығармаларының текстісі» 
(Майдан, 1945, №2) мақаласында 
да біршама сөз болады. Абай өлең-
деріндегі шумақтар мен кейбір жол-
дардың өзгеріске ұшырауын са-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


290


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет