Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет277/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
емес. ХХ ғасырдағы әдебиетті бы-
лай қойғанда, маркстік-лениндік 
ілім түгіл олардың аты да белгісіз 
кезеңдегі, яғни фольклор мен ХVІІІ-
ХІХ ғасырдағы әдебиет өкілдерінің 
шығармашылығын маркстік-ленин-
дік әдіснама қағидаларына сай ба-
ғалауды талап етуді бүгінде еш 
қисынға сиғызу мүмкін емес. Ста-
линнің жеке басына табыну ке-
зеңіндегі партия саясаты мен идео-
логиясы ғылыми ой-сананың ұлттық 
танымға тамыр тартуына тыйым 
салған айла-шарғысы екені анық. 
Кейінде жеке басқа табынудың зар-
даптарын әшкерелеген күннің өзін-
де Сталин басқарған партияның 
ғылым мен көркемөнер саласындағы 
саясатының аса бұрмалаушылыққа 
толы қисындарын жеңіл-желпі сөз 
етумен ғана шектелдік. Сол се-
бептен де кейінгі қаулылар қате 
зерттелді деп тапқан М. Ж. Көпеев, 
Н. Наушабаев, Н. Орманбетұлы, 
Ғ. Қарашев, Ш. Бөкеев, Шортанбай, 
Мұрат, т.б. ақындарға берілген әділ 
бағаны жоққа шығарумен болдық. 
Шындығына келгенде, сол кезде 
олардың ұлт мүддесін жырлаған 
халық ақыны, заман шындығын айта 
білген реалист екендігіне берілген 
бағаны арада қырық жыл өткен соң 
қайталай айтып, жаңалық тапқандай 
болып жатырмыз. 
Жинақтай айтар болсақ, ұлт-
тық әдебиеттану ғылымының осы 
40-жылдардағы қол жеткізе алған 
жетістігі аз табыс емес еді. Бірақ 
осылайша, ұлттық әдебиеттің бар-
жоғын түгелдеуге ұмтылып, ол жол-
да іркілісінен ізденісі басым түсіп 
жатқан қазақ әдебиеттану ғылымына 
Қазақстан КП Орталық Комитетінің 
1947 жылғы «Қазақ ССР Ғылым 
Академиясының Тіл және әдебиет 
институтының жұмысындағы өрес-
кел қателер туралы» қаулысы сарт 
ете түсті. Ол қазақ әдебиетін ұлттық 
мүддеге сай танып-білу және зерт-
теу жолындағы тың бағыттағы қа-
дамдарды жоққа шығарғанымен 
қой май, ақыл-ойға ұзақ жылдар 
бойы тұсау салған кеңестік саясат 
пен идеологияның қатаң талапта-
рын ала келді. Негізінен бұл қаулы 
БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 
жылғы «Звезда» және «Ленин-
град» журналдары туралы», «Дра-
малық театрлардың репертуарлары 
және оны жақсарту шаралары ту-
ралы» және тағы да басқа қаулы-
қарарларынан туындаған партия сая-
сатына үн қосу мен саяси қырағылық 
танытудан туғанымен, тарихи мән-
мағынасы тереңде жатыр. Соғыстан 
кейін Кеңестер Одағында Еуропа 
өнері мен мәдениетінің, ғылымының 
әсері айқын көрініс таба бастаған 
еді. Ол «космополитизм», «батысқа 
еліктеушілік», «батысқа бас июшілік» 
деп бағалана бастады. «Если разгром 
«врагов народа» в партии все еще про-
исходил в глубокой тайне (даже чле-
нам Политбюро было запрещено со-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


296


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет