Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет275/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
шындық. Осыған сай Ресейде ғана 
емес, ұлт республикаларында да 
көркем әдебиетті ғылыми тексерудегі 
бүкіләлемдік іс-тәжірибеден үйрену, 
жаңашыл деп танылған кейбір тео-
рияларды пайдалану процесі қатар 
жүріп жатты. Ол кейін ғылымдағы 
космополитизм, батысқа бас июші-
лік, буржуазияшыл-ұлтшылдық деп 
табылғаны мәлім. 
Бұл тұрғысынан келгенде, осы 
кезеңдегі қазақ әдебиеттану ғы-
лымы да өз мүмкіндігі келгенше ұм-
тылыстар жасамай қалған жоқ емес. 
Оқулықтар мен хрестоматияларда 
негізінен биографизм мектебінің та-
лаптарына сай ғұмырнамалық тұр-
ғыдағы тексеру басты бағыт алды. 
Бірақ оған кеңестік әдебиеттануға 
тән таптық наным, қоғамдық тар-
тыс, дүниеге таптық көзқарас секіл-
ді қағидалары да араласып отырды. 
Ал жеке ақын-жазушылар мұрасын 
монографиялық тұрғыда зерттеуде 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікір био-
графизм ауқымынан шығып, со-
циологиялық арқауы басым талдау-
лардан алыстай бастағаны байқалды. 
Мысалы, оны Абай мен Ыбырай 
шығармашылығына арналған ғылыми 
мақалалар мен еңбектердегі мәдени-
тарихи салыстырмалық мектепке тән 
ой-көзқарастардан байқауға бола ды. 
Шоқан, Махамбет, Сұлтанмахмұт 
мұралары алғаш рет тексерілу ны-
санасына алынып отырғандықтан да 
ғұмырнамалық сипатта қарастыру 
басым түсіп жатқанымен, тарихи 
және әдеби-теориялық талдау жасай 
отырып тексеруге деген талпыныс 
анық байқалды. Ең бастысы, ұлт-
тық әдебиеттану ғылымы «социоло-
гизм» теориясының зиянды ықпалы-
нан алыстап, сталиндік «түзетулер» 
енгізілгенге дейінгі маркстік-ле-
ниндік әдіснама талаптары анық 
байқала отырса да бар мүмкіндікті 
пайдаланып қалуға ұмтылды. Ста-
линдік түзетулерге СОКП ОК-нің 
қаулылары мен Қазақстан КП ОК-нің 
1947 жылғы қаулыларынан басталған 
саяси науқанға қатысты сөз ету бары-
сында әлі де тоқталамыз. Ал әзірше 
оқу құралдары мен монографиялық 
тұрғыдағы 
зерттеулердің 
қолға 
алынуына орай ұлттық әдебиет та-
ну ғылымының екі табысын атап 
көрсету қажет. Оның алғашқысы 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің тек 
әдеби тарихи бағыттағы зерттеулер-
мен шектеліп қалмай, теориялық 
талдауларға батыл бара білуі дер 
едік. Оған тыйым салынды деген 
күннің өзінде А. Байтұрсыновтың 
«Әдебиет танытқышынан» бастау 
алған Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет тео-
риясы», Е. Ысмайыловтың «Әде-
биет теориясының негіздері» секілді 
еңбектерінің теориялық таным-бі-
ліктің өз дәрежесінде танылуына 
тигізген әсері мол болды. Абай, Ма-
хамбет, Сұлтанмахмұт шығарма ла-
рының қазақ өлеңінің құрылысын 
зерттеуге деген жаңашыл бағыт-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


294


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет