ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
әдебиеті» хрестоматиясы (1947)
С. Мұқанов пен Қ. Бекқожин ав-
торлығымен жарық көрді. Онда
қамтылған фольклорлық үлгілердің
таптық сипатта болуына айрықша
көңіл аударылды. Сол сияқты 1948
жылғы Қ. Бекқожиннің 10 класқа,
Ә. Шәріповтің 9 класқа арналған
«Қазақ әдебиеті» хрестоматияла-
рында, Қ. Жұмалиевтің 8 класқа,
С. Мұқанов пен Қ. Жұмалиевтің
9 класқа, Ғ. Мүсірепов, Қ. Бекқожин,
Қ. Жармағанбетов, С. Сейітовтердің
10 класқа арналған оқу құралда рын-
да қазақ әдебиеті тарихының «құй-
рық-жалы күзеліп», таптық көзқарас
пен партиялық саясаттың талапта-
рына сай келетін ақын-жазушылар
шығармашылығы ғана қамтылды.
Оның өзінде олардың дүниетанымы
мен шығармаларындағы тапшыл-
дық қайшылықтарды «тұрпайы со-
циологизм» теориясының ықпа лын-
дағы талдаулар арқылы ашу жағы
басым түсіп жатты. Бұдан жоғары
оқу орындарындағы әдебиет пәні
бағдарламалары да сау қалған жоқ.
Алайда қаулы белгілеген мін-
деттерді осылайша жүзеге асы руға
жұмыла кірісіп, сыннан қоры тынды
шығарып жатқандарын дә лел де-
ген дерімен де әдебиетші-ғалым-
дардың әдебиеттану саласын дағы
олқылықтарын әшкерелеу науқаны
жалғаса берді. Оған Ж. Шаях ме-
товтің Алматыда творчество лық
зиялы қауым алдында 1948 жылы
«Идеология майданындағы қыз-
мет керлердің айбынды міндеттері»
деген тақырыпта тағы да баянда-
ма жасап, Орталық Комитет соның
негізінде жаңа қаулы қабылдауы
әсер етпей қалған жоқ емес. Ғ. Мүсі-
репов, С. Төлешов, Ә. Сатыбалдиев,
Д. Әбілевтер «Тіл-әдебиет инсти -
тутының жұмысты қайта құра алмау
себебі неден?» деп сынға ұшы раған
әдебиетшілердің бұрынғы «ұлт шыл-
дық» көзқарастарынан айы ға қой-
мағанын сынап өтсе, С. Төлешов
жоғарыда аталған хрестоматияларға
енгізілген шығармалар маркстік-
лениндік әдіснаманың таптық прин-
ципіне сай құрастырылмағанын, ав-
торлардың солқылдақтық танытып
отырғанын әшкереледі. Ал М. Рит-
ман-Фетисов «Против низопоклон-
ства перед реакционно-мусульман-
ской культурой Востока» деген ма-
қаласында ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің халық тарихына қарай бағыт
алуы мен әдет-ғұрып, салт-санаға сай
дәстүрдің дәріптелуін дінмен байла-
ныстыра талқандап шықты.
Қазақ әдебиеттану ғылымының
сорына қарай осы екі қаулы аз бол-
ғандай 1949 жылы «Коммунист»
журналында «Космополитизм – им-
периалистік реакцияшыл идео ло-
гияның ұлы қаруы» деген бас ма-
қаланың жариялануы сыншыл дық,
ғылыми-зерттеушілік
ой-пі кір дің
ас тан-кестеңін шығарды. Қа зақ әде-
биеттануы саласындағы «ұлтшыл-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У