ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
дықты» әшкерелеуге енді сол кездегі
көркем әдебиеттегі космополиттерді
талқандау қосылды. А. Жұбановтың
«Көркем өнердегі космополиттер-
ді әшкерелейік» атты мақаласын-
дағы шақыруды Қ. Жармағанбетов,
С. Бақбергенов «Қазақ әдебиетіндегі
сыңаржақ сыншылар», Х. Сүйініш-
әлиев «Әдебиетімізге жат, сыңар
жақ идеяға орын жоқ», Н. Сабитов
«Против реакционный идеологии
панисламизма и пантюркизма» де-
ген солақай мақалаларымен қызу
қолдады. Ғылыми-зерттеу жұмысына
арналмаған басқа қаралағыш сын-
дарды айтпағанда космополиттер-
ді әшкерелеу ұлтшылдықпен ты ғыз
байланыстырылып, қызды-қызды-
мен келгенде Ғылым Академиясы-
ның «Хабаршысы» «За искоренение
космополитизма и буржуазно-наци-
оналистических извращений в на-
уке» (1949, №3) деген мақаласында
Абай, Шоқан, Кенесары туралы
зерттеулердегі
маркстік-сталиндік
ғы лымнан ауа жайылушылықты сы-
нап, ұлы ағартушылар шығарма шы-
лығына «тұрпайы социологизмге»
негізделген күмән туғызып қойды.
Қанаушы қоғамда өмір сүргендіктен
және үстем таптан шыққандықтан,
олардың дүниетанымдық көзқара-
сындағы таптық қайшылықты ашу-
дан көрі бірыңғай мадақтау басым
деп көрсетеді. Бұндай көзқарастың
айтылуында негізде жоқ емес еді.
«Ұлтшыл» әдебиетшілер зерттеген-
діктен сезіктене қарау орын алғаны да
рас. Салыстыра қарағанда, 1947-1949
жылдары Шоқан мен Абай мұрасы-
на қарағанда ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің көбірек назар аударғаны
Ы. Алтынсарин шығармашылығы
екен. Ғылыми сипаты әр түрлі дең гей-
дегі оннан астам мақаланың жария-
лануы – соның айғағы. Бұларды және
Шоқан, Абай, Сұлтанмахмұт туралы
бірді-екілі мақалаларды (олардың
өзін сынға ұшыраған Е. Ысмайылов,
Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиевтер жаз-
ды) қарастыра отырып, тығырыққа
тірелген ұлттық ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің қыспақтан шығар жол
іздегенін байқау қиын емес. Ол үшін
1947 жылғы Ж. Шаяхметов жасаған
баяндамадағы «ҚК(б)П Орталық Ко-
ми теті кейбір сыншылардың қазақ
халқының өткендегісінің бәрін жоқ қа
шығару дұрыс емес деп табады. Қа-
зақ халқының қоғамдық санасының
қалыптасуына көмектескен өткен де-
гі бірде-бір прогресшіл қайраткерді
кімнің болсын тарихтан шығарып
тастауына жол бермейміз. Өткен за-
мандағы қайраткерлердің творче-
ствосын маркстік-лениндік ғылыми
методология тұрғысынан қарап зерт-
теу керек» деген тезисін тірек ете
отырып, зерттеу жұмыстарын тоқ-
татпауға ұмтылды. Ол екі сипатта
көрініс тапты. Біріншісі, маркстік-
лениндік
әдіснаманың
таптық
прин ципі ықпалында болса да өз
ізде ністерін жалғастыра беру бол-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У