ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
шығармалары әдеби-теориялық тал-
даулардың нысанасына алынды.
Рас, ұлы ағартушылардың шығар-
машылығы маркстік-лениндік әдіс-
намадағы әдебиеттің таптығы мен
халықтығы қағидаларымен ты ғыз
байланыстылықта қаралды. Көбі-
несе үстем тап өкілдеріне деген
сын шылдық көзқарас, шығарма-
ла рындағы қоғамдық және таптық
қайшылықтар, орыс әдебиеті мен
мәдениетінің әсері секілді мәселелер
айтылғанымен, ол социологиялық
талдау жасауда тұрпайылық пен
нигилистіктен аулақтай бастады.
Қазақтың ұлы ағартушы-ой-
шылдары туралы зерттеу жұмыс-
тарының осылайша тездете қолға
алынуы – «тұрпайы социологизм»
көзқарасында сыналған ақын-жа-
зушылар мұрасына жаңаша қа рау-
ды өрістетті. Бұл әсіресе Сұлтан-
махмұт шығармашылығына арналған
мақалаларда көрініс тапты. Соны-
мен қатар, осы ХХ ғасыр басын-
дағы әдебиет өкілдерінен С. Көбеев,
С. Дөнентаев, Ә. Ғалымов, М. Се-
ралиндердің шығармашылығының
зерттеушілік мақсатта сөз болып,
әдебиет тарихына енгізу туралы
мәселенің көтерілуі жақсы ізде-
ністердің нышанасы екені анық.
Төңкеріске дейінгі әдебиет тарихы-
нан шығармашылық мұрасы маркс-
тік-лениндік
әдіснама
талапта-
рына сай деп танылған көрнекті
өкілдері туралы ғылыми ой біршама
жүйеленіп, алдағы зерттеу нысана-
сына айналатын негізгі мәселелер
айқындала бастады. Ал кеңес дә уі-
ріндегі әдебиеттің дарынды өкіл-
деріне деген күдікшіл, салқын көз-
қарастағы бұрмалай бағалау да түзу
жолға көшті. Кез келген мақа ла да
«буржуазияшыл-ұлтшыл» деген кі-
нә лаудан көз ашпаған М. Әуезов,
С. Мұқановтар туралы ғылыми және
теориялық сипаттағы талдаулары ба-
сым түсіп жатқан алғашқы мақала-
лар жарияланды. Ғылыми-зерттеу-
шілік ой-пікір осы дәуірдегі ақын-
жазушылар шығармашылығын тексе-
руде идеологиялық саясат ықпалын-
да жіберіп алған олқылықтарының
орнын толтыруға шешуші қадамдар
жасады. Мысалы, 1937 жылдан ба-
стап өмірі мен шығармашылығы
мақсатты түрде ғылыми ой-пікірдің
назарынан тыс қалдырылып келген,
егер сөз бола қалса, сыңаржақ сын-
мен датталып келген Ғ. Мүсірепов
туралы зерттеушілік мәні айқын
мақалалар мен С. Сейітовтің «Ғ. Мү -
сірепов творчествосы» аталатын
кітапшасының шығуы – оған айқын
дәлел. Немесе мектеп оқулықтары-
на енгізілгенімен, арнайы тексеріле
қоймаған Ғ. Мұстафин, Т. Жароков,
И. Байзақов, А.Тоқмағанбетовтер
шығармашылығы ғылыми тұрғыда
сөз бола бастады. Тың ізденістер нә-
тижесінде әдебиет тарихына С. Еру-
баев, Ж. Тілепбергенов секілді жа-
ңа есімдер енгізіліп, қалдырған
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У