ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
мұраларын жинап-жариялау, зерттеу
жұмыстары қолға алынды.
Осы 1954-1955 жылдардағы қазақ
әдебиеттануының айтарлықтай ізде-
ністері болып табылатын табысы
деп әдеби-теориялық сипаттағы
зерт теулердің көбейе түсуін атар
едік. Жеке ақын-жазушыға арналған
ғылыми және сын мақалалардағы ой-
пікірді айтпағанда, таза теориялық
ұғым-түсініктерді ғылыми сөз ете
бастаған еңбектердің жариялануы
құптарлық құбылыс еді. Нақты айт-
қанда, реализм және сыншыл реализм,
жанр түрлері, идея және тақырып,
конфликт және характер, ұнамды об-
раз, тип және типтік тұлға, түр мен
стиль, дәстүр мен жаңашылдық,
өлең сөздің құрылысы секілді келелі
мәселелердің қазақ әдебиетіндегі
та биғаты мен игерілуіне арналған
бірнеше мақала жарық көрді.
1954-1955 жылдарда ғана көрінген
осы ізденістерден қазақ әдебиет-
тану ғылымының 1947-1953 жылдар
аралығындағы дағдарыстан кейін
қай та дами бастағанын көреміз.
Бірақ оның бәрі өздігінен және оп-
оңай жүзеге аса қойған жоқ. «Тұр-
пайы социологизм» теориясы мен
нигилистік көзқарас өз позициясы-
нан айырылғысы келмегенмен, енді
әрі-сәріде тұрған кеңестік идеология
оған сүйеу бола алмады. Саясатқа
құрылған ғылыми негізсіз бұл те-
ория мен көзқарастың үні біржола
өшпегенімен, бұрынғыдай белсеніп
шыға алмады. Оның С. Нұрышев,
Ә. Нілдібаев, Ә. Жәмішев, М. Ақын-
жанов, Т. Шойынбаев, Х. Айдарова
сияқты «қайраткерлері» үн-түнсіз
қалуға мәжбүр болды. Осындай
жағдайда ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің соны бағыттардағы ізденістер
жасауына тәжірибелі зерттеушілер
М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайлов,
Б. Кенжебаев және тағы басқалары
білімдарлықпен басшылық жасады.
Ал сын мен әдебиеттануға келген
алғашқы қадамдар «тұрпайы со-
циологизм» мен нигилизм дәуірлеп
тұрған кезеңге тап келгендіктен,
олардың
бұрмалаушылықтарынан
сау қала алмаған. Қ. Нұрмаханов,
А. Нұрқатов, Б. Сахариев, Х. Сү-
йіншәлиев, М. Сәрсекеев, М. Ғаб-
дуллин, Ә. Дербісалин, Қ. Құтты-
баевтар және т.б. өз қателіктерін тез
түсініп, жаңашыл бағыттағы зерт-
теу жұмыстарына белсене кірісті.
Әсіресе, қазақ әдебиеттануының
әдеби-теориялық бағыттағы тың
қадамдары осылардың еншісінде
екенін атап айту керек. Сын мен
әдебиеттанудың қатары С. Қирабаев,
Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов,
З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, Н. Ғаб-
дуллин, Ә. Нарымбетов, М. Дүй-
сенов секілді жас кадрлармен то-
лықты. Олар ғылыми-зерттеушілік
жұмыстарды дамытудағы дәуір алға
тартқан күрделі істерге жасқанбай
араласты. Бұлар маркстік-лениндік
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У