ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
тамасы болса, ендігі жерде қазақ
әдебиеті тарихы мен сынының та-
рихынан құнды деректер беретін
нұсқалар болып отыр.
Қазақ елінің тарихын, этногра-
фиясын, фольклорын, мәдениетін,
зерттеуші, қазақ балаларына арналған
орыс графикасымен қазақ тілінде
жазылған алғашқы оқулықтардың
авторы, қазақ библиографиясы-
ның алғашқы қадамдарын жасаушы
А. Е. Алекторовтың жалпы қазақ
еліне, оның ішінде қазақ әдебиетіне
сіңірген еңбегі өлмес қамқорлары-
мыз болып қалмақ.
Бұлардың қатарында ұлт зия-
лыларының қазақ әдебиеті мен фоль-
клор туралы материалдарды биб-
лиографиялық тұрғыда жүйелеуге
ұмтылыс жасауы, келешекте жүзе-
ге асар үлкен істің бастамасы еді.
Қазақ библиографиясының білгір
ма мандарының бірі Ә. Нарымбетов
оны дұрыс бағалай отырғанымен,
төңкеріске дейін осы орыс ғалым-
дарының көрсеткіштерінен өзге еш-
теңе жоқ деп тауып, қазақ баспа-
сөзіндегі бұл бағыттары, ізденістерді
елеусіз қалдырады.
Қазақ библиографиясы лениндік
ұлт саясатымен түрі ұлттық, мазмұны
социалистік мәдениеттің үлкен та-
бысы екенін көрсету мақсатында:
Революцияға дейін 2% сауатты адамы
бар қазақ халқының Ұлы Октябрьге
дейін ұлттық библиография туралы
ойлауға да шамасы келген жоқ. Би-
блиография негізінен дамып жетіл-
ген ұлттық баспасөзбен байланыс ты
болса, қазақ тіліндегі тұңғыш газет-
тер мен кітаптар ХІХ ғасыр аяғын-
да, ХХ ғасыр басында шыға баста-
ды. 1913 жылы Қазақстанда шыққан
13 кітаптың екеуі ғана қазақ тілін де
жазылған болатын, (шындығында
48 кітап, оның 4-1 ғана орысша).
14 газеттің 3-уі ғана қазақ тілінде
жарық көріп тұрды. Ұлттық баспа-
сөздің жай-күйі осындай болғанда,
библиография туралы сөз етудің
мүмкін еместігі өз-өзінен түсінікті»
деген тұжырым жасайды. Төңкеріске
дейінгі қазақ әдебиетіне, баспасөзі
мен жарық көрген ірілі-уақты кі-
таптарға деген еуропацентристік
көз қарасқа негізделген нигилистік
сипаттағы бұл секілді пікірлерді
көп теген ғалымдарымыз үлкен мін-
белерден шабыттана айтып, өз ғы-
лыми еңбектерінде оңды-солды
кел тіргені мәлім. Біздің ойымызша,
қа зақ әдебиеттануы өткерген қи-
лы кезеңдерге тән қиыншылықтар-
ды бірге кешкен, бүгінде осылайша
менсінбей қарап жоққа шығарылуға
дейін жеткен «Дала уалаятының»
газеті, «Қазақ» газеттеріне жария-
ланған материалдардың көрсеткішін
шығаруға дейін қол жеткізген қазақ
библиографиясының алғашқы тал-
пынысы төңкеріске дейін-ақ көңіл
аударарлықтай сипатта таныла баста-
ды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У