ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
М. Мырзахметов, Б. Қ. Қойшыбае-
ва, Ф. И. Элькониналардың «Абай
Құнанбаев» атты библиографиялық
көрсеткішін шығарғаны және де оған
қазақстанда, оған көршілес респу-
бликаларда, өлкелер мен облыстар-
да қазақ және орыс тілінде шыққан
газет, журналдар әр түрлі хресто-
матиялар мен жинақтар, ақынның
мол шығармаларынан үзінділер ба-
сылған және ол туралы материалдар
жарияланған бір сыпыра орталық
газет, журналдар қамтылған. Алайда
олар жеке ақын-жазушылар шығар-
маларын библиографиялық тұрғыда
жүйелеуге бастама салды.
Н. Сәбитов бұл саладағы өз ізде-
ністерін жалғастыра отырып Ғы-
лым Академиясының хабаршы-
сында 1950 жылғы №2 санында
118-121 беттерінде Шоқан Уәли-
хановтың өмірі мен қызметіне бай-
ланысты библиографиялық көрсет-
кішін берсе, сол жылы Ғылым Ака-
демиясының хабаршысының №5
санында Ыбырай Алтынсариннің
өмірі мен ағартушылығы жайында
библиографиялық көрсеткіш жа-
риялаған. Н. Сәбитов 1862-1917 жыл-
дары аралығында әдеби, ғылыми
ма териалдарды бір жүйеге келтіреді
де 1948 жылы Алматы Қазақ ССР
Ғылым Академиясының баспасында
«Қазақ әдебиетінің библиография-
лық көрсеткішін» жарыққа шы-
ғарды. Бұл библиографиялардың
ол қы жері: оларға әр түрлі себеп-
термен байланысты көптеген ма-
ңызды материалдардың енбей қа-
луын да, толық болмаса да тұң ғыш
тә жірибелер ретінде қазақ әдебие-
ті библиографиясының тарихында
Н. Сәбитов құрастырған библиог-
ра фиялық көрсеткіштердің өзіндік
орны барлығы даусыз.
Бұл аталғандардан басқа да төң-
керіске дейінгі қазақ әдебиетінің
библиографиялық деректер бере-
тін (оның ішінде персоналды) биб-
лиографиялық көрсеткіштер аз емес.
1959 жылы Алматыда қазақтың
бірінші ғалым ағартушысы Шоқан
Уәлиханов деген библиографиялық
көрсеткіш жарық көрді. 1967 жылы
«Қазақстан» баспасынан М. Ах-
метова, С. Сафонова, Г. И. Семе-
нюктар «Шоқан Уәлиханов» (Әде-
биеттердің мазмұндалған көсет кіші)
атты библиографиялық көр сет кішін
жарыққа шығарды. «Жам был Жаба-
ев» творчествосына арналған Бала-
нинаның 1950 жы лы шығарған библи-
ографиясы, «Сәкен Сейфуллин» твор-
чествосына арналған Е. Бейбасов,
Б. Қойшыбаева, Ә. Нарымбетовтер дің
библиографиялық көрсеткіші және
де «Мұқтар Әуезов» творчество-
сына арналған М. Бөжеевтің биб-
лиографиялық көрсеткіштері персо-
налды библиографияның біршама
қарыштағанын аңғартады.
1937 жылы июнь айында ҚазССР
Халық Коммиссарлар советінің
қау лысы бойынша ҚазССР-ның
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У