V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
сыншылдық таным-білімнің қайнар
көздері ретінде қарастырады. Со-
нымен қатар ғылыми, ағартушылық,
эстетикалық талғамның қалыпта-
суында орны айрықша үш ғұлама-
ларымыз – Ш. Уәлиханов, Ы. Алтын-
сарин, А. Құнанбаевтың еңбектерін
айрықша атап өтеді. Соның ішінде
ұлы Абайдың сыншылдық ойының
аса ірі құбылыс екенін дәлелдеп
көрсетеді. Осы кезеңдегі Ш. Уәли-
хановтың ғылыми мұрасын, Ы. Ал-
тынсариннің «Қазақ хрестоматия-
сын», Ә. Бөкейханов, Р. Мәрсеков,
М. Сералин, тағы басқалардың ғы-
лыми-зерттеушілік сипаты басым
мақалаларын әдебиет сынына бай-
ланыстыра қарай отырғанымен, про-
фессор Т. Кәкішев: «Әдебиеттану
ғылымының ауқымына кіретін зерт-
теу мақала (исследовательская ста-
тья) мен хрестоматия құрастыру,
әдіснамалық нұсқаулар қазақ әдебиеті
сынының туу дәуірінде көрініп, үлкен
олжа болды», – деп тұжырымдайды.
Әдеби сынның дамуы баспасөз дің
дамуымен тікелей байланыстылы ғын
және жоғарыда аталған газет-жур-
нал беттеріндегі әдеби ой-пікірлерді
саралап көрсетеді. Сыншылдық ой-
пікірлер, әсіресе «Айқап» журналы
мен «Қазақ» газеттерінде жанда-
на түскендігін көреміз. 1971 жылы
жарық көрген «Сын сапар» еңбегін-
де кейбір олқылықтарын толтырып
«Қазақ әдебиеті сынының тарихын-
да» (1994) әдеби пікірлерді талдауға
көп көңіл бөлді. А. Байтұрсыновтың,
М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың,
Р. Мәрсековтің, т.б. мақалаларының
қазақ әдебиет сынының дамуындағы
үлесін, биік белесін айқындап береді.
Осы кезде басылып шығып жатқан
жаңа кітаптар жайлы пікір білдір-
ген материалдар баспасөз бетінде
жиілей түседі. Т. Кәкішев оларды
құрылымдық, мазмұндық, мақсаттық
ерекшеліктеріне қарай дәйектеме
сын, жарнама сын, аннотация, оқу-
шы хаты, рецензия, айтыс мақала,
публицистикалық сын, проблемалық
мақала, шолу, ғұмырнама баян-
дама, сын мақала, зерттеу мақала
сияқты жанрлық, формалық түрлерге
жіктейді. Сондай-ақ бұрындары «жа-
бық» болып келген «Сарыарқа» га-
зеті, «Абай» журналы сияқты басы-
лымдарда шыққан сыни мақалаларға
тоқталады.
Қазақ әдебиеттану ғылымы мен
сынының туу, қалыптасу кезеңдерін
ғылыми тексеруде арнайы көңіл
аударатын проблемалардың бірі –
әдеби мұраны игеру мәселелері бол-
са, әдеби сын бұл мәселеде тысқары
тұруы мүмкін емес. Алғашқыда отар-
шылдық саясаттың талап-тіле гіне
сай қазақ даласын зерттеу жұ мыс-
тары мұрындық болып, өз халқын
бүкіл әлемдік өркениетке жеткізуге
ұмтылған ұлт зиялыларынан қолдау
тапқан әдеби мұраны жинау, жария-
лау, зерттеу жұмыстарында төңкеріске
дейін бірталай нәтижеге қол жетті.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У