Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет416/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
сараптаудың небір үлгілерін, шы ғар-
машылық шеберханаларын көр сете 
алады. Бұл – әдебиет тарихы мен 
теориясының ілгері дамуына қол-
ғабыс тигізіп, әдебиеттанудың арна-
сын кеңітпек.
ХХ ғасырда қазақ әдебиетінің та-
рихын ғылыми тұрғыдан жүйелеп 
жазуда кеңес дәуірі кезінде жасал ған 
жұмыстар аз емес. Дегенмен, олар-
ды қазіргі күн талаптарына сай қайта 
қарап, таразылау аса қажет. Өйтке-
ні, ол әдебиет тарихының ақиқат 
таразысына түсуіне сеп болмақ. Ол 
үшін ұлттық әдебиеттануда кешенді 
зерттеу саласын қалыптастырған ға-
лымдардың еңбектеріндегі басты 
концепциялар ғылыми мектеп негі-
зін қалағанына сай сараланып, өз 
бағасын алуы шарт.
Уақыт пен кеңістік өлшемін ұлт-
тық әдебиеттану ғылымына, оның та-
рихы мен дәуірленуіне байланыс ты 
қарастырар болсақ, оларға лайық ты 
деңгейдегі ғылыми пікірдің кең дігі, 
биіктігі, тереңдігі мәселесі туын-
дайды. Бұл үш санат кез келген гу-
манитарлық ғылымдар саласының 
болмыс-бітімін танытады десек, ар-
тық айтқандық емес. Ал оларды ұлт-
тық әдебиеттану ғылымының тари-
хи өткен жолына сай таразыласақ, 
мән-маңызы жоғарылай түседі. Се-
бебі, әр ұлт әдебиеті өзіне тән ғана 
ерекшелікпен қалыптасатын бол са, 
оны тексеретін ғылым саласы да бас-
қа елдің әдебиет туралы ғылы мын 
қайталамайтыны сөзсіз нәрсе. Әде би 
мұраны игерудегі жалпы заң дылық-
тары мен зерттеу әдіс-тә сіл дері ортақ 
болғанмен әр ұлт өз әдебиетінің та-
рихы, теориясы, сыны, биб лиогра-
фиясы, текстология сы мен тарих-
намасын тек өзі ғана тексе реді. Бұл 
жерде әдебиеттану ғы лымы бел гілі 
бір дәрежеде жоғары елдің ориен-
талист-фольклорист және әдебиет-
танушы ғалымдарының басқа ұлт 
әдебиетін зерттеген еңбектері сол 
елдің әдебиеттануына қосылған үлес 
болып табылмайтынын естен шы-
ғармаған абзал. Олардың зерттеулері 
сол өзі өкіл болып табылатын ел-
дің әдебиеттануына қосылатын үлес 
болып табылады. Сондықтан тек 
ұлттық зерттеушілік таным-білік ая-
сындағы ізденістерін белгілі бір дәре-
жеде саралап алған соң ғана барып 
әлемдік әдебиеттану табыстарына 
көз салатыны анық. 
Ендеше қандай да болсын ұлт өзі-
нің әдебиеттану ғылымы мен сынын 
тудыруда және қалыптастыруда әлем-
дік ғылыми-зерттеушілік әдіснама-
лық ізденістерден шет қалуы мүмкін 
емес. Қандай да болсын халық тың 
әдебиеттану ғылымы өзіне ғана тән 
ерекшелікпен туып-қалыптасаты нын
ескеретін болсақ, әлемдік ғы лы-
ми мектептер мен теорияларға қа-
ра ма-қатысы анықталар еді. Себебі 
олар әдеби мұраларды зерттеуде өз 
ке зінде кеңінен таралған әдіс-тә-
сіл дерді қолдана отырғанымен, еш -
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


439


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет