Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет419/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
Бі рақ бұл кезеңде Ресейдегі әде-
биет тану ғылымының алға озып 
кете қойғаны шамалы еді. Әдеби-
теория лық ой-пікір поэзия сала-
сында бір шама өркендегенімен, 
ғы лыми-зерттеушілік ой-пікірде фи-
ло ло гиялық мектеп пен тарихи-мә-
дени мек теп енді ғана аяғынан қаз 
тұра бас таған болатын. Оның өкілдері 
орыс әдебиеті тарихын зерттеу мәсе-
лесін көтеріп, әдеби мұраны игеру 
мәселелерін енді қолға ала бастаған 
еді. 
Біздің ойымызша, қазақ фолькло-
рын зерттеген орыс фольклористері 
осы мектептің әдеби мұраны жи-
нау, жариялау, кітап етіп бастырып 
шығару, жазып алған нұсқаның ва-
рианттарын салыстыру және өңдеу, 
басқа тілге аудару, түсініктеме жазу 
секілді әдістерінің шеңберінде ғана 
жұмыс жасады. Олардың ықпалы 
әде би мұраны игеру саласында жұ-
мыс жүргізген қазақ зиялыларына 
тиіп, филологиялық мектептің ұлт-
тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір-
де көрініс табуына себеп болды. 
Әлемдік әдебиеттану ғылымында ғы 
филологиялық мектептің өкілдері 
секілді қазақтың алғашқы фолькло-
ристері де әдебиеттің қоғамдық құ-
былыс ретінде даму заңдылығы 
мә селесін назардан тыс қалдырды. 
Бұлар нақты көрініс табуға ұм-
тылған ұлттық әдеби-теориялық, 
ғы лыми-зерттеушілік 
ой-пікірге 
зерт теу жұмысын жүргізуге өте мол 
ма териал дайындап берді. Фило-
ло гиялық мектептің қазақ топыра-
ғынан шыққан өкілдерінің ұлттық 
әдебиеттану ғылымының туу, қа-
лыптасу жолындағы сіңірген ең-
бегінің маңыздылығы да осында. 
Филологиялық мектептің өкілдері 
өздерінің бар ынтасын мәтіндерді 
зерттеп, талдау тәсілдеріне аударды. 
Текстологиялық зерттеу толығымен 
әлеуметтік анализ тәсілдерін ығыс-
тырды.
Әдеби мұраны жинап-жария лау-
дағы алғашқы ізденістер мен табыс-
тар қазақ зиялыларының әуелі тү-
сіндірмелік-таныстырмалық сипат та 
пікір айтуын туғызды да, кейін ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірге ұлас ты. 
Сондықтан ХІХ ғасыр со ңына қа рай 
көрінген қазақ фолькло ристе рі нің 
халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жи-
нап-жариялаумен шұғылдануы мен қа-
тар, оны ғылыми тұрғыда зерттеу 
жолында еңбек еткен зерттеушілерді 
жатқызамыз. Бұлар филологиялық 
мектептің зерттеу әдіс-тәсілдерінен 
қарағанда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет