Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет428/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
әрқайсысына немесе олардың қан-
дай да бір үндестігіне сәйкес ерек-
ше әдістер мен бағыттар туындаған. 
Алайда ұлттық әдебиеттану ғылы-
мын да ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кірді осы ғылыми мектептермен бай -
ланыстылықта қарастыру жағы кен-
желеп қалуда. 
Әлемдік әдебиеттанудағы осы ғы-
лыми мектептері мен ғылыми зерттеу 
жұмыстарындағы негізгі теорияла-
ры белгілі бір дәрежеде кез келген 
ұлттық әдебиеттануда орын алуын 
ғылыми заңдылық деп тану қажет. 
Бұл ғылыми мектептердің өзіндік 
ерекшеліктері, жаңашылдық сипа-
ты мен кемшіліктері және олардың 
қазақтың әдебиеттану ғылымының 
туып, қалыптасу жолындағы, ұлт-
тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің 
әде би мұраны игеру саласындағы 
із деністеріндегі көрініс табуы да 
сондықтан. Әдеби мұраларымызды 
ғылыми игеру жұмыстары мен зерт-
теуде осы теориялар мен мектеп-
тердің әдіснамалық тұрғыдағы ба -
ғыттарының қайсысы сирек, қай-
сы сын жиі қолданғанымыз туралы 
ой толғайтын уақыт шын мәнінде 
жеткен секілді. Жалпы алғанда ұлт-
тық әдебиеттанудың әдіснамалық 
мәселелері мүлде жабық жатыр де-
месек те, нақты қолға алынған жағ-
даяттары аздық етіп отыр. Ғалым 
атанып әдебиет туралы ұлттық ғы -
лымда азды-көпті үлес қосқан әде-
биет танушылардың әрқайсының өзі 
қалыптастырған ғылыми мектебі бар 
дей алмасақ керек. Егер де шын мә-
нінде ғылыми мектеп атауы ның түп-
төркініне үңіліп тарата баяндасақ
ұлт әдебиетін зерттеуде басты арнаға 
айналған бағыттарды ғана атау қажет.
Кешегі тоталитарлық-әкімшілік жү-
йеге негізделген коммунистік идео-
логия заманында ұлттық әдебиетта-
ну, оның тарихы мен дәуірленуі мәсе-
лесі Қазан төңкерісінен әріге бара 
алмағаны да белгілі.1959 жылы өткен 
«Әдеби мұра және оны зерттеу» ата-
латын қазақ әдебиеті тарихының 
не гізгі проблемаларына арналған 
кон ференцияны қорытындылар сө-
зінде М. Әуезов: «Қазақ әдебиеті 
тарихы деген ғылым біздің барлық 
мәдениетімізді тәрізді жас ғылым. 
Осында отырған көбіміздің жас 
кезімізде бұл ғылым басталар-бас-
талмас қалыпта еді. Революциядан 
бұрынғы кез-кезеңдерін алсақ, он-
да қазақ әдебиеті мұраларын әде-
биеттану ғылыми жолымен зерттеу 
жұмысы мүлде басталған жоқ-ты. 
Бұрынғы еңбектердің бәрі де дерек-
тер, ескерткіштер атаулыны жинауға 
арналатын. Ал, міне, бүгін «Қазақ 
әдебиеті тарихы» деген келелі, ұзақ 
сөрелі әдебиеттану ғылымы туғанын 
көреміз. Кемшіліктері бола тұрса 
да біздің әдебиеттану ғылымымыз 
жыл санап даусыз өсіп келеді деп 
айта аламыз» деген болатын [1, 359]. 
Ал Е. Ысмайлов болса «Қазақ әде-
биет тануының тарихына көз жі-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


450


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет