Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет65/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
үшін ең әуелі өз тұрмысымызды біл-
ме гіміз, үйренбегіміз, халық аузын-
дағы адабиятымызды жиып бір тәр-
тіпке белгілі сарынға салмағымыз, 
өз жұртымызды әр жақтан білмегі-
міз керек», – дегенде ұлт әдебиеті нің 
тарихын ғылыми тұрғыда зерттеуді 
көтеріп отырғаны анық. Автор дың 
«бір тәртіпке, бір сарынға салу ке-
рек» дегендегі негізгі айтпақ ойы 
осында жатыр.
Мақаланың ұлттық әдебиет ту-
ралы ғылымының туа бастаған ке-
зеңіндегі елеулі ғылыми-зерттеу 
ең бек екенін айтқан уақытта, әдеби-
та рихи ой-пікірге қосқан тағы бір 
жаңалығын айтпай кетуге болмайды. 
Ол – ғылыми-зерттеушілік ой-пікір дің 
әдебиет тарихын тексеру бағы тында 
мәнді арна табудағы ұмтылы сында, 
басқа мақалаларда кездесе қой маған 
әдебиеттің халықтығы мәселесі. 
Ғы лыми-теориялық тұрғыда негіз-
деле қаралмаса да автордың әдебиет 
қашанда ел өмірімен тығыз бай-
ланыста болғанын, алдағы әдеби 
өркендеуде де бұл үрдістен айырыл-
мау қажеттігіне тоқталуын көңіл ау-
дарарлық ой қорытындысы деу керек. 
Нақты айтсақ, «адабият һәр қашан 
тұрмыспен айырылмай қол ұстасып 
бірге кетсін. Тұрмыстың һәрбір са-
зына адабият жаңғырық – саз қайтар-
сын, халықтың һәр бір қайғысын ада-
бият айнадай көрсетсін. Сөздің қыс-
қасы, адабият тұрмыспен берік бай-
лаулы болсын», – деген тұжырым ның 
танымдық қана емес, ғылымилық 
мәні де зор. «Әдебиетімізге көз салу» 
мақаласы шын мәнінде әдебиетке 
ғылыми-зерттеушілік тұрғыда көз 
салып, 
бар-жоқты 
түсіндіруге, 
келешегін түзетуге ұмтылды. 
Қорыта айтқанда, ұлттық әде-
биетті басқа да қоғамдық-әлеумет-
тік мәселелермен бірге қарастыр-
ған мақалалар мен ғұмырнамалық 
сипаттағы зерттеулер, әдебиет тари-
хының мәселесін нақты көтерген 
ғы лыми мақалалар қазақ әдебиетта-
ну ғылымы өзінің туу дәуіріндегі 
алғашқы қадамдарын нық басып, енді 
толысу, нығаю жолына бет алғанын 
дәлелдеп берді.
Ғасыр басындағы ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікір фольклортану са-
ласында да соны ізденістер жасап, 
ғылыми тұрғыда тексеруде көңіл 
аударарлықтай нәтижеге қол жет кізді. 
Қазақ баспасөзі бетінде фольклор-
лық мұраның көптеген үлгілері жа-
рияланды, жеке кітап болып шық ты, 
ол эстетикалық таным-біліктің өсе 
түсуі мен рухани мұраны танып-
білуге деген халық сұранысына, 
оқу-білімге ұмтылған талабына сай 
келді. Қазақ кітаптарының тарихын 
зерттеушілердің дерегіне сүйенсек, 
ғасыр басында 322 кітап қазақ ті-
лінде жарық көрген екен. Олардың 
көпшілігі фольклорлық шығармалар 
екені түсінікті. Егер ХІХ ғасырда 
фольклорлық мұраны жинап-жари-
ялау жұмыстарында жалпыламалық 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет