ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тамын) бұл мәселеге әлі үстірт қарап
жүрміз», – деп «қазақ әдебиеті өзі нен-
өзі үлгі алатын дәуірге жеткен жоқ»
деген пікірге қарсы шығады [33].
Бұл жөнінде Қ. Кемеңгеров: «Ауыз-
ша айтылып жүрген халық әдебиеті
көшпелі шаруаның, рулық қоғамның
айнасы болды. Ұзақ заманның ішін-
де халық әдебиеті кемеліне жет ті», –
деп білген болатын [34]. С. Са-
дуақасов осы ойды жалғастыра оты-
рып: «Қазақ әдебиеті өткенінен де,
қазіргі халінен де үлгі-тәжірибе ала
алады, өзінен өзі үлгі алатын дәуірге
әбден жетті. Тегінде өзінен өзі үлгі
ала алмайтын әдебиет болуға тиіс
емес. Өткенді ұмытып, өткеннің бә-
рін мансұқ қылып тастағанда, жаңа
қайдан өспекші? Сондықтан біз ескі
мұрадан жерімейміз. Ескі мұраның
жарайтынын аламыз, жарамайтыны
қалады», – деп кең орын теуіп келе
жатқан маркстік-лениндік әдіснама
талаптарына сай ғылыми жаңаша
тұжырым білдірді.
Қазақ кеңес әдебиетінің бет-
бағдары туралы толымды пікір айта
бастаған сын мақалалар мен әдеби
мұраны игеру, зерттеуге байланыс-
ты әдебиет тарихын жазу пробле-
масын көтере бастаған ғылыми
сипаттағы осы мақалалардың әдеби-
теориялық және әдеби-тарихи тал-
даулар жасауға ұмтылуынан қазақ
әдебиеттану ғылымының туу кезеңі
жалғаса түскенін байқаймыз.
Әрине, бұл мақалаларда көте-
рілген мәселелердің шын мәніндегі
ғылыми-зерттеу дәрежесінде тексе-
рілуі мен әдебиет туралы ғылым қа-
лыптасуының күрделі процесі әлі ал-
да еді. Дегенмен, бұл процеске ал ғаш-
қы дәнді еккен, соқпақ басы болған
осы мақалалар екенін аңғармау ағат-
тық болар еді. Олар фольклористика
ғылымының қалыптасу тарихындағы
болашақ зерттеулердің негізіне бар-
лау жасады.
Бұл айтылғандар фольклорта-
нудың өзекті мәселелерінің ғылы ми-
зерттеу сипатындағы мақалаларда
ғана көрінген келбеті болса, оны
монографиялық тұрғыда тексерудегі
құнды еңбектер де осы 1920 жылда-
ры жазылды. Бұл жолдағы алғашқы
бастаманы салған М. Әуезовтің
1927 жылы шыққан «Әдебиет тари-
хы» атты еңбегі болды. М. Әуезов
«Әдебиет тарихында» сол кездегі
фольклортану саласындағы әр түр-
лі мақалаларда айтылып жүрген ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірді бір
жүйеге салып берді. Еңбектегі кейбір
топшылаулар мен тұжырымдарда
«бірыңғай ағым теориясының», кей-
де «тұрпайы социологизмдік» көзқа-
растың кездесіп қалуы да сондықтан.
М. Әуезов ХХ ғасыр басында-
ғы фольклортану саласындағы ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікірді жал-
ғас тыра отырып, өз үстемдігін құ-
руға ұмтылып жатқан маркстік-
ле ниндік әдіснама принциптері
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У