Buqar jyraý aýdandyq aptalyq gazeti Еженедельная газета Бухар-Жырауского района



Pdf көрінісі
бет20/43
Дата04.10.2024
өлшемі26,95 Mb.
#146805
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Алдағы мақсаттар
Өткен жылдары тіл саласында орасан жұмыстар
атқарылды. Ауызды құр шөппен сүртуге болмайды.
Мемлекеттік дəрежеде мемлекеттік тілдің мəртебесін
көтеруге күш салынды. Өзіміздің облыста да тілдерді
дамыту басқармасы мен қала, аудандардағы мəдениет
жəне тіл бөлімдері қыруар жұмыс жүргізді. Өткізіліп жа-
тқан түрлі сайыстар мен байқаулар, фестивальдар мен
мəдени-сауық кештері қазақ тілінің дами түсуіне үлкен
сеп болып отыр. Мемлекеттік тілде іс жүргізу қолға
алынды. Əрине, бұл салада атқарылар істер əлі де
ұшан-теңіз. Қазақ тілі облыстық мекемелер мен ведо-
мостволарда тек аударма ретінде ғана қолданылып
келе жатқаны жасырын емес. Ал аудармалар ала-құла,
бірізділік жоқ. Аударманың сапасы туралы қаншама
мақала шықты, тіпті сайқымазақ артистер де сын тезіне
салып жатыр. Үкімет мүшелерінің тілді қай дəрежеде
меңгергенін көріп-біліп жүрміз. Бірақ жұмысты жалға-
стыра беру керек.
Дəл қазіргі жағдайда қазақ тілін халықаралық тіл дең-
гейіне көтеру ерте шығар. Бірақ біз алдымызға мақсат
қойып, бағдарлама жасап, соны орындауға күш салсақ,
алынбайтын қамал болмайды. Елімізде Тұңғыш Прези-
дентіміз – Елбасының бастамасымен талай істер тын-
дырылғанының куəгеріміз. Бұл мақсатқа да қол жеткізе
аламыз. Бірақ ол үшін білікті мамандар даярлап,
қазақ тілінің дəрежесін өз елімізде шын мəніндегі мем-
лекеттік тіл дəрежесіне жеткізу қажет. Осыған байланы-
сты алдымызда тіл саласында мемлекеттік тілде іс
жүргізу ісін дамыту, ілеспе аударма жасау, шет тілдерін
меңгеру, терминологиялық жəне басқа да сөздіктер
шығару, сапалы білім беру, сапалы əдебиет шығару
сияқты міндеттер тұр. Осыларды орындау үшін бізде
тиісті алғышарттар бар.
Мəселен, ғылымның алуан саласы бойынша 30 том-
дық терминологиялық сөздіктер шығарылды. Орасан
зор жұмыс атқарылды. Əрине, бұл жұмысқа да сын ай-
туға болады, жетілдірілсін деген мақсатта. Дайын асқа
тік қасық деп ойламаңыздар. Сөздік жасаушылар, кей-
бір сыншылардың пікірінше, барлық халықаралық жəне
орыс тіліндегі терминдерді қазақшалауға тырысқан. Ға-
лымдарымыз қазақ атам заманнан көрмеген, білмеген
заттарды, құралдарды аударып, жаңа жасанды сөздер
жасаған. Соның онша қажеті жоқ еді деп есептейміз.
Ешкім ауызекі тілде қолданбаса, олар өлі сөздер. Мы-
салы, техникада болт (бұран), винт (бұранда), гайка
(сомын?), шайба (тығырық), подшипник (мойын тірек?),
шатун (бұлғақ), мотор, рессор жəне т.б. сөздердің бə-
ріне бірдей балама тауып қажеті бар ма? Өзге сала-
ларда да осындай əсіре əуестік байқалады. Жасанды
сөздердің мағынасын түсіне алмай əуре боламыз.
Естеріңізде болар, Елбасы бір-ақ күнде «архив»,
«музей» деген сөздердің қазақшаланған жасанды ба-
ламаларын алдырып тастады емес пе?!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміз-
дегі жылы маусым айында «Ана тілі» газетіне берген
«Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр»
деген сұхбатында қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру
мақсатын қойды. Бұл тегіннен-тегін айтылған сөз емес.
Тіл мамандары, ғалымдарымыз бен мемлекеттік қыз-
метшілер жоғарыда айтылған мысалдардан əлі де
болса жауапкершілік сезінбей отырғандығы көрінеді.
Бір сөзбен айтқанда, бөркімізді аспанға атуға əлі
ерте. Қазақ тілін шын мəнінде мемлекеттік тіл дəреже-
сіне көтеру үшін мемлекеттік қызмет аппаратында,
кітап шығару саласында, қоғамдық ғылымдар мен тех-
ника саласында əлі де атқарар істер көп. Бұл үшін қай
замандағыдай сын мен өзара сынды өрістету керек,
жауырды жаба тоқуды доғарып, бетің бар, жүзің бар
демей кеткен олқылықтарды ашып көрсетіп, салада
орын алған олқылықтардан арыла білейік, ағайын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет