Buqar jyraý aýdandyq aptalyq gazeti Еженедельная газета Бухар-Жырауского района



Pdf көрінісі
бет22/43
Дата04.10.2024
өлшемі26,95 Mb.
#146805
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Гүлім АХАТАЕВА,
Байқадам орта мектебінің 
қазақ тілі 
жəне əдебиет пəні 
мұғалімі 
Ақпараттық технологиялар-
дың барлық жаңалықтарын ең
бірінші балалар қабылдайды,
сондықтан балалардың жоғары
танымдық қызығушылығын пай-
даланып, олардың жеке тұлға
ретінде дамуын қалыптастыру
қажет. Кез-келген пəнді оқытуда
ұстаздарға қойылатын басты
талап - жаңа технологиялық əді-
стерді қолдана отырып, оқушы-
ларға сапалы білім беру.
Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ
тілі пəні мұғалімдерінің кəсіби
құзырлылығы құрылымынан
оқытудың ақпараттық-коммуни-
кациялық технологиялары
ерекше орын алады.
Қазақ тілі сабағында ақпарат-
тық технология арқылы беріле-
тін білім оқу материалын жүйелі
беруге, ақпаратты көруге, есте
сақтауға, қатысымдық тұрғыдан
меңгеруге,тілдік қатынасты иге-
руге мүмкіндік береді.
Қазақ тілі мен əдебиеті сабақта-
рында ақпараттық-коммуника-
циялық технологияларды
пайдаланудың тиімділігі - ақпа-
раттық технология мүмкіндікте-
рін қолданып, өз бетімен білімін
толықтыруға дағдылануы; игер-
ген материалдарын шығарма-
шылықпен талдап, өңдеп, қоры-
тындылап, өз көзқарасын
қорғай алуы; жеке қабілеттеріне
қарай шығармашылық жұмы-
старға белсене араласып, бел-
гілі бір ғылыми білім саласында
өз мүмкіндігін көрсете алуы;
оқушының өз бетімен жұмысы;
аз уақытта көп білім алып,
уақытты үнемдейді; білім-білік
дағдыларын тест тапсырма-
лары арқылы тексереді; қажетті
ақпаратты жедел түрде алу
мүмкіндігі; оқушының ой-өрісін,
дүниетанымын кеңейтуге де ық-
палы зор. 
Мұғалім сабағында ақпараттық-
коммуникациялық технология-
ларды пайдалану арқылы оның
тиімділігін жүйелі түрде көрсете
біледі. Ақпараттық-коммуника-
циялық технологияны пайда-
лану(АКТ) - оқытудың тиімді
əдістерінің бірі. Соңғы жылдары
заман ағымына сай күнделікті
сабақта компьютер, электронды
оқулық, интерактивті тақтаны
қолдану айтарлықтай нəтиже
береді. Білім берудің кез-келген
саласында «Электрондық оқу-
лықтарды» пайдалану оқушы-
лардың танымдық белсенділік-
терін арттырып қана қоймай,
логикалық ойлау жүйесін қа-
лыптастыруға, шығармашылық-
пен жұмыс жасауына жағдай
жасайды. Сабақта электрондық
оқулықтарды қолдану бары-
сында оқушылардың пəнге
деген қызығушылығы артады.
Сондықтан сабақ барысын
жаңаша ұйымдастыру қажет. Əр
сабаққа тыңғылықты дайындық
– мұғалімнің ізденісінің нəти-
жесі, сабақты ыңғайына қарай
түрлендіре түссе, əр сабақта
жаңа əдіс-тəсілдерді қолданса,
сабақтың мазмұны ашы-
лады. Мұғалім өзінің алдына қо-
йған мақсатына жетеді. 
Келешек «Мəңгілік Елдің» ұр-
пақтарына білім мен тəрбие
беріп отырған ұстаздар қауы-
мының көтерер жүгі
ауыр.Оқушы əлі де өте нəзік,
жаны, ары таза, сенгіш жан,
сондықтан əрбір ұстаз шебер
болса, əрбір бала өнер туын-
дысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет