Жоспары:
1.
Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы түсінік
2.
Өртті болдырмау шаралары
3.
Өрттен қорғану құралдары
1.
Өрт қауіпсіздігі негіздері
. Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп
өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады. Өрт үлкен
материалды шығындарды қажет етеді. Өрттің себептерін социалдық жағы
нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт қауіпсісзідігі өрт болдырмау
системасымен қаматамасыз етілуі керрек. Өртті болдырмау системасы мен өрт
қауіпсісіздігі өрттің қауіпті факторлары адамдарға әсерін тигізбейтіндігін
қамтамасыз ету қажет. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары
мыналар, ашық от және от ұшқын, ауаa температурасының көбеюі, газ
қышқылының концентрациясының төмендеуі,
қондырғылардың, ғимараттардың
зақымдануы және қирауы, түтін.Әр нақты объектілерде өртті болдырмау
системасы жасалу керек (ғимарат және қондырғыларда, транспорттарда,
материалдарды сақтайтын ашық жерлерде). Өндірістерде өрт және жарылыстар
технологиялық режимдердің бұзылуынан, электр қондырғылардың дұрыс
қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т.б. жағдайларға байланысты зерттеулер
көрсетті. Өрт - бұл арнайы жасалмаған,
материалдық шығындарымен
қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ
көзі.
2.
Өртті болдырмау шаралары.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және өртке
қарсы режимді сақтау; газ құралдарын, тұрмыстық химия заттарын пайдалану,
тез тұтанатын және жанғыш
сұйықтықтармен, өртке қатысты қауіпті басқа да
заттармен, материалдармен және жабдықтармен жұмыс жүргізу кезінде сақтық
шараларын орындау; аумақты құрғақ шөптен және жанатын қоқыстан уақтылы
тазарту; өрт анықталған жағдайда ол туралы 101 телефоны бойынша өрт
сөндіру күзеті бөлімшесіне хабарлау және адамдарды, мүлікті құтқару және
өртті жою үшін мүмкін болатын шараларды қабылдау; ғимараттарға,
құрылыстарға, тұрғын үйлерге, саяжай және басқа да құрылыстарға іргелес
учаскелерде құрғақ өсімдіктерді өртеуге тыйым салынады; елді мекендер мен
ұйымдардың аумақтары, ғимараттар, құрылыстар және ашық қоймалар
арасындағы өртке қарсы қашықтық шегінде, сондай-ақ тұрғын үйлерге, саяжай
және басқа да құрылыстарға іргелес жатқан учаскелер
жанғыш қалдықтардан,
қоқыстан, ыдыстан, түскен жапырақтардан, құрғақ шөптен уақытылы
тазартылуы тиіс; ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға, сыртқы өрт
сөндіру сатылары мен су
көздеріне баратын жолдар, өткелдер мен кіреберістер
өрт сөндіру техникасының өтуі үшін әрқашан бос болуы тиіс. Тұрғын үйлердің
пәтерлерінде, жатақханалардың тұрғын бөлмелерінде, тұрғын үйлердің
ғимараттарында жарылыс қауіпті, жарылыс өрт қауіпті және өрт қауіпті заттар
мен материалдар қолданылатын және сақталатын әртүрлі өндірістік және
қоймалық үй-жайларды орналастыруға тыйым салынады; жеке тұрғын үйлерде,
пәтерлерде және тұрғын бөлмелерде жанғыш газдары бар баллондарды сақтауға
жол берілмейді, сондай-ақ асүйлерде,
эвакуациялау жолдарында, цокольдық
қабаттарда, жертөле және шатыр үй-жайларында, балкондар мен лоджияларда
және үй иеліктерінің ашық аумақтарында; тұрмыстық газ аспаптарын (соның
ішінде ас үй плиталарын, су жылыту қазандықтарын, газ колонкаларын) газбен
жабдықтауға арналған газ баллондары (жұмыс және қосалқы), әдетте,
ғимараттан тыс жапсарлас құрылыстарда (баллондардың жоғарғы бөлігін және
редукторды жабатын шкафтарда немесе қаптамалардың астында)
ғимараттың
кіре берісінен 5 м қашықтықта, цоколь және жертөле қабаттарында орналасуы
тиіс. Газ баллондарына арналған жапсарлас құрылыстар мен шкафтар құлыпқа
жабылып, желдетуге арналған жалюздер болуы, сондай-ақ
«От қауіпті Газ»
деп
жазылған ескерту болуы қажет.
3.
Өрттен қорғану құралдары.
Өрт сөндіру кұралдары 2-ге бөлінеді:Кол
көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест
жабындары, өртке қарсы құрал -саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті
от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер;
хладонды отсөндіргіштер; кұрама отсөндіргіштер);
Күйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты
сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).
Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды,
конак
үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай
қатаң түрде жүзеге асыру қажет.