10
Зерттеу әдістері:
Поэтикалық шығармаларға əдеби-теориялық талдау
жасау жəне философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми-
əдістемелік əдебиеттерге теориялық талдау жасау, озық педагогикалық іс-
тəжірибелерді жинақтау, эксперимент жүргізу, сауалнамалық тест алу,
эксперимент нəтижелерін өңдеу мен қорытындылау.
Эксперименттік база ретінде
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
университеті, Гуманитарлық-педагогикалық институты, «Қазақ тілі мен
əдебиеті жəне журналистика» кафедрасының 6В01721(5В011700) - «Қазақ тілі
мен əдебиеті», 6В02336(5В020500) - «Қазақ филологиясы» мамандықтарында
оқитын білім алушылар мен Болашақ университетінің 6В01721(5В011700) -
«Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығында оқитын білім алушылар арасында
жүргізілді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бастапқы кезеңде (2018-2019 ж.ж.) зерттеу
жұмысының тақырыбы, бағыттары, мақсат-міндеттері мен жоспары анықталып,
зерттеу тақырыбына байланысты əдебиеттану, тарих, педагогика, психология,
философия, əдістеме салалары бойынша ғалымдардың ой-пікірлері жүйеленді.
Әдебиеттану ғылымындағы бейнелілік жəне бейне мəселесінің Сыр сүлейлері
шығармаларындағы көрінісі айқындалды. Қажетті материалдар жинақталып,
сұрыпталды, талдау жасалды.
Келесі кезеңде (2019-2020 ж.ж.) зерттеу жұмысында негізге алынатын
жетекші идеялар, ұстанымдар айқындалып, жоғары оқу орындарында Сыр
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік мəселесін
оқытудың ғылыми-əдістемелік құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.
Оқытушыларға арналған семинарлар, жоғары оқу орнында жүргізілетін «Сыр
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік мəселелерін оқыту»
курсы арнайы 3 кредиттік пəн ретінде дайындалды. Осы курс аясында
əдістемелік оқу-кешені жасалды. Аталған курс бойынша оқыту бағдарламасы,
интерактивті технологияны пайдалану арқылы түрлі жаңаша тапсырма түрлері,
бақылау, бағалау тестері, БАӨЖ технологиясын жүргізу əдістемесі
дайындалды.
Үшінші кезеңде (2020-2022 ж.ж.) зерттеу нəтижелерін жүйелеу,
жинақтау, қорытындылау жұмыстары жүргізілді. Онлайн жəне офлайн оқыту
форматындағы оқыту эксперименті интерактивті технологияның жаңаша
түрлеріне негізделіп, сандық нəтижелері анықталып, сапалық талдау
жасалынды.
Достарыңызбен бөлісу: