Кудайбергенова кунимжан тыныштыкбековна



Pdf көрінісі
бет10/71
Дата13.10.2024
өлшемі4,13 Mb.
#147906
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71
Байланысты:
kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg

 
Сондай-ақ,
 
зерттеу жұмысына əлемдік теоретик ғалымдар мен орыс 
ғалымдары В. Абрамович [16], А. Потебня [17], Ю.М. Лотман [18], т.б. 
пікірлерімен қатар, қазақ ғалымдары С. Сейфуллин [19], М. Әуезов [20], 
С. Мұқанов [21], Е. Ысмайылов [22], З. Қабдолов [23], З. Ахметов [24], 
С. Қирабаев [25], Р. Нұрғали [26], С. Негимовтердің [27] еңбектеріне сүйендік.
Қазақ ұлттық мұрағаты мен М. Әуезов атындағы əдебиет жəне өнер 
институтының сирек кездесетін қолжазбалар қорының деректерімен, еліміздің 
кітапханаларындағы сақталған құжаттар мен ақындардың шығармалар жинағы, 
əдебиет зерттеушілердің еңбектерін негізгі назарда ұстадық.


10 
Зерттеу әдістері: 
Поэтикалық шығармаларға əдеби-теориялық талдау 
жасау жəне философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми-
əдістемелік əдебиеттерге теориялық талдау жасау, озық педагогикалық іс-
тəжірибелерді жинақтау, эксперимент жүргізу, сауалнамалық тест алу, 
эксперимент нəтижелерін өңдеу мен қорытындылау.
 
Эксперименттік база ретінде 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда 
университеті, Гуманитарлық-педагогикалық институты, «Қазақ тілі мен 
əдебиеті жəне журналистика» кафедрасының 6В01721(5В011700) - «Қазақ тілі 
мен əдебиеті», 6В02336(5В020500) - «Қазақ филологиясы» мамандықтарында 
оқитын білім алушылар мен Болашақ университетінің 6В01721(5В011700) - 
«Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығында оқитын білім алушылар арасында 
жүргізілді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: 
Бастапқы кезеңде (2018-2019 ж.ж.) зерттеу 
жұмысының тақырыбы, бағыттары, мақсат-міндеттері мен жоспары анықталып, 
зерттеу тақырыбына байланысты əдебиеттану, тарих, педагогика, психология, 
философия, əдістеме салалары бойынша ғалымдардың ой-пікірлері жүйеленді. 
Әдебиеттану ғылымындағы бейнелілік жəне бейне мəселесінің Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы көрінісі айқындалды. Қажетті материалдар жинақталып
сұрыпталды, талдау жасалды.
Келесі кезеңде (2019-2020 ж.ж.) зерттеу жұмысында негізге алынатын 
жетекші идеялар, ұстанымдар айқындалып, жоғары оқу орындарында Сыр 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік мəселесін 
оқытудың ғылыми-əдістемелік құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. 
Оқытушыларға арналған семинарлар, жоғары оқу орнында жүргізілетін «Сыр 
сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілік мəселелерін оқыту» 
курсы арнайы 3 кредиттік пəн ретінде дайындалды. Осы курс аясында 
əдістемелік оқу-кешені жасалды. Аталған курс бойынша оқыту бағдарламасы, 
интерактивті технологияны пайдалану арқылы түрлі жаңаша тапсырма түрлері, 
бақылау, бағалау тестері, БАӨЖ технологиясын жүргізу əдістемесі 
дайындалды.
Үшінші кезеңде (2020-2022 ж.ж.) зерттеу нəтижелерін жүйелеу, 
жинақтау, қорытындылау жұмыстары жүргізілді. Онлайн жəне офлайн оқыту 
форматындағы оқыту эксперименті интерактивті технологияның жаңаша 
түрлеріне негізделіп, сандық нəтижелері анықталып, сапалық талдау 
жасалынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет