82
жүйесінде болашақ кəсіби тіл мамандарды қалыптастырудың құрылымдық-
мазмұндық моделін
жасауға мүмкіндік берді.
Жоғары оқу орнында əдебиетті оқыту білім алушыларды адамгершілікке
тəрбиелеумен қатар, рухани дүниетанымын дамытады. Қазақ əдебиетінің сөз
маржандары болашақ тіл мамандардың тұлғалық кəсіби жетілуіне əсер етеді.
Сондықтан, жоғары оқу орнының оқу үдерісінде Сыр сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқытудың өзектілігі өте
маңызды. Сыр бойы ақын-жырауларының шығармашылығын жалпы
əдебиеттану мəселесінде
кеңінен сөз етіп, нақты мəнін түсінбей, келешек
ұрпақ бойынан ұлтымызға тəн болмыс пен тіл мəдениетін, сөз байлығын көре
алмасымыз анық. Құнарлы тіл тереңдігін тануға мүмкіндік беретін Сыр
ақындарының шығармашылығы жастардың сана-сезіміне ақылдылық,
азаматтық рухын беретіні анық. Қазақ əдебиеті тарихында өзіндік орны бар
Сыр сүлейлері
атанған бірнеше ақын-жыраулар, жыршы, термешілердің
шығармаларын көркемдік-стильдік жағынан заманауи педагогикалық
техникамен оқыту, білім алушының өзін-өзі дамуына ықпал етіп, кəсіби
маманды қалыптастыру процесі келесі мазмұнды сипаттамаларды қамтиды.
Кəсіби құзыреттілікті қалыптастырудың қолданылатын технологиясы
болашақ мұғалімдердің кəсіби құзыреттілігін
қалыптастыратын оқытудың
белсенді əдістеріне сүйенеді.
Көркем əдебиетте суреткерлер заманды адам арқылы, адамды оның
характері арқылы, ал адамның характерін оның іс-əрекеттері арқылы
танытатындығын білім алушылар көркем шығармалар негізінде теориялық
тұрғыдан талдайды. «Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне
бейнелілікті оқыту» таңдау курсын оқу барысында қазақ тілі мен əдебиеті
мұғаліміне тəн іскерліктер қалыптастырылады.
«Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті
оқыту» таңдау пəні арқылы – білім алушылар əдебиет атты əсемдік əлемінің
қыр-сырымен жүйелі танысады.
Осылайша, қазақ əдебиетіндегі «бейне» жəне
«бейнелілік» ұғымдарына түсінік беріп, Сыр сүлейлерінің мысал, айтыс,
дастандарына тоқталып, оны жанрлық, көркемдік, стильдік ерекшелігіне талдау
жасаумен қатар, рухани-адамгершілік тəрбие тұлғаның басқа адамдарға жəне
өзіне деген көзқарасының негізі болып табылады. Сондықтан жастардың
қазақтың дəстүрлі мəдениетіндегі шығармалары арқылы кəсіби тұлға болып
жетілу процесі тұлғаның толыққанды қалыптасуына ықпал ететін тұтас оқу-
тəрбие үдерісі ретінде түсіндіріледі.
Басқа ғылыми зерттеулерді талдау жəне жалпылау теориялық зерттеу
жұмысының бағыттары жоғары оқу орнының оқу үрдісінде Сыр сүлейлері
шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілік мəселесін оқытудың ғылыми –
əдістемелік негіздері арқылы болашақ тіл мен əдебиет пəні мұғалімдері, филолог
мамандарды қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық
моделін жасауға
мүмкіндік берді (Сурет 5).
83
Сурет 5 - ЖОО-да Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне
бейнелілік мəселесін оқытудың ғылыми-əдістемелік негіздері арқылы болашақ
əдебиет пəні мұғалімдерін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
Достарыңызбен бөлісу: