3. Мына сөздер қандай сұраққа жауап береді? Олардың түбірі қандай?
Жазушы, жазу, жазбаша;
Оқырман, оқу, оқылым, оқулық;
Аялдама, аялдау; қуану, қуаныш, қуанышты.
Іс - әрекет объектісі Табыс септігіндегі зат есімнің есімдікпен, сын есіммен тіркесі Нені? Кімді ? Осы жаңа журналды
Осы жаңа өлеңді
Мына жаңа кітапты
Осы жаңа романдарды
қазіргі қазақ жазушыларын,
ақындарын
білу, жақсы көру
оқу,жазу
алу, беру, шығару
жариялау
жақсы көру, күту
қарсы алу, білу
4. Досыңыздан, әріптесіңізден сұраңыз. Қай кітап
__________ жақсы көресіз?
Жақын арада қай кітап
__________ оқыдыңыз?
Қай жазушы
__________ көбірек жақсы көресіз?
Қай өлең
__________ жатқа білесіз?
Қай әдебиет
__________ оқығыңыз келеді?
Респонденттердің «күнде оқимын» деген жауабын өлшемді алып, әлеуметтанушылар «ең көп
оқитын» қаланы анықтады: Петропавловск (22,5%), Алматы (19%) және Астана (18,9).
Осыған қарама-қарсы жақта «ешқашан оқумен қызықпағанмын» деген жауап бойынша Тараз
(19,9%), Қостанай (18,2%) және Атырау (16,7%) қалалары тұр.
Қалай оқып жүрміз Интернетке қолжетімділігіне қарамастан көпшілігі кітап форматында оқиды, бұған
респонденттердің 75,2%-ы кітапқа артықшылық береді. Әрбір бесінші оқырман тораптардан
кітаптарды жүктеп алады екен. Аудио кітаптарды оқу оқылымның аз таралған түрі (5,9%). 60
жастағылар және алпыстан асқандар дәстүрлі қағаз нұсқаларда оқығанға артықшылық береді
(90,3%). 18-ден 29 жасқа дейін – «е - кітапты» таңдайды.
Не оқып жүрміз «Әдебиеттің қандай жанрын артық көресіз?» деген сұраққа әлеуметтанушылар әр түрлі
жауап алды. Детективтер алда болды, бұл жанрды сұралғандардың 16,1% ,оқиды. Екінші
орында танымал тарихи романдар – 11,5%. Үшінші орында махаббат романдары (10,6%).
Ірі қалаларда тұрғындардың қызығушылығы «хобби бойынша кітаптарға», «іскери
әдебиетке», және қазақ классикасына қызығушылықтары негізінен бірдей шамада.
Қазақстандықтардың аздау бөлігін «ғылыми және анықтамалық әдебиеттер», «шет елдік
классика (6,4%) және өмірбаяндар (мемуарлар/публицистика) қызықтырады. Рейтінгіні
фантастикаға (4,1%), балалар кітабына (3,7%), орыс классикасына (3,4%) және поэзияға (3%)
қызығушылар жабады.
http://news.gazeta.kz/art.asp?aid=366221
135
Қай жазушы
__________ , қай ақын
__________ өз өміріңізде көрдіңіз?
Әдетте, қай журнал
__________ , қай газет
__________ сатып аласыз?
Қай газет
__________ таңертең оқисыз?
Абайдың қай шығарма
__________ өте жақсы білесіз?
Қазіргі қай жазушы
__________ , қай ақын
__________ ешқашан көрмедіңіз?
Сіз фантастикалық әдебиет
__________ оқисыз ба?