Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова


Кино сөзімен тіркесетін сөздерге назар аударыңыз



Pdf көрінісі
бет119/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

2. Кино сөзімен тіркесетін сөздерге назар аударыңыз. 
Кинофабрика, киножурнал, кино өнері, кино операторы, кинокомедия, кино режиссері, кино 
фестивалі, киностудиясы, кино жұлдызы.
3. «Киноны кім жасайды?» кітабында Лидия Польская: «Экранды оқу – кітапты мұқият 
оқығанмен бірдей» деп айтқан екен. Сіз осы оймен келісесіз бе? Неге?
Мына сөздерді пайдаланып сөйлеңіз: сюжет, кейіпкер, суретші, актер, сценарийін жазушы, 
операторы, режиссері, дыбысы, музыкасы. 
Былайша бастаңыз: кітапта да, әдебиетте де сюжет бар. Әдебиеттегі сюжетті жазушы жазатын
болса, кинодағы сюжетті сценарийші жазады. 
4. Мына сөздер қандай сұраққа жауап береді? 
Деректі, музыкалы, театр, көркем, оқиғалы. 
Осы сөздермен сөз тіркесін құраңыз. 
5. Кинофестивальда қандай сұрақтар қоюға болады?
Кім, қашан, қандай?
Мына сөздерді пайдаланыңыз: рөлде ойнау, басты рөлде ойнау, фильм түсіру, дыбыстау, көркем 
фильм, деректі фильм, мультипликациялық фильм, шытырман оқиғалы фильм, комедия. 
6. Бір-біріңізден кім қандай фильм көруді ұнататыны туралы біліңіз (қандай фильмдер, 
қандай телебағдарламалар). 
Сіз қандай фильм көрдіңіз? Қашан? 
Қай фильмді көрейік? Қайда баруға болады?
7. а) Егер сіздің танысыңыз әдеби шығармалар мен мультфильмдердің экрандалғанын 
жақсы көретін болса, оны қандай анонс қызықтырады? 
Сізді қандай анонс қызықтырады? 
б) Мына фильмдерді көру үшін қандай театрға барар едіңіз? 


152
Ол салға мініп мұхитты кесіп өтем дегенде, жұрт 
мазақ қылған еді. Бірақ...
Тур Хейердал – Тынық мұхитын жүзіп өтіп, аты әлемге әйгілі болған саяхатшы әрі 
антрополог ғалым. Ол өзінің осы саяхаты туралы "Кон-Тики" атты фильм түсірді. Осы 
туындысы 1952 жылы үздік деректі фильм деп танылып, автор Оскар сыйлығын алған.
Кон-Тики – 9 ағаш діңінен жасалған кішкене салдың аты. Осы салға мініп Хейердал 
мен оның серіктері 1947 жылы Тынық мұхитын кесіп өткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет