153
Мәтінді оқыңыз.
Не деген актер, не деген керемет тұлға!
Б
үгін ұлттық театр сахнасы мен кино
әлемінде
өзінің
шығармашылық
болмысымен, талант-танымымен жарық
жұлдыздай ағып өткен саңлақ актерлердің
бірі Нұрмұхан Жантөриннің туған күні. Актер
1928 жылы 22 сәуірде Атырау облысының
Махамбет ауданында дүниеге келген.
Мектепті бітіріп Алматыға жол тартқан
Н.Жантөрин киномеханиктер дайындайтын
мектепке түскен, осы кезде тағдырдың
өзі
оның бойындағы әртістік қасиетін
көре білген ұстаздарға жолықтырып
,
Алматының
актерлер
дайындайтын
мектебінің студенті болады. Кешікпей
Ташкент театр өнері институты актерлік
факультетінің 3-курсына қабылданып, оны 1952 жылы бітіріп
шығады.
Өнер табалдырығын осылай аттаған Нұрмұхан аға өмірінің соңына
дейін М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының
сахнасында, сонымен қатар «
Қазақфильм
» киностудиясында
көптеген спектакль мен фильмдерде ойнап, актерлік шеберліктің
озық өрнегін көрсетті
.
С.Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» – Шоқан, Ғ.Мүсіреповтің
«Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» – Қодар, М.Әуезовтің «Еңлік–
Кебек» пен «Қарагөзінде» – Кебек пен Сырымды, М.Булгаковтың
«Жендеттерінде»
–
Мольер,
У.Шекспирдің
«Отеллосы»
мен «Макбетінде» – Яго мен Макбет, А.Пушкиннің «Шағын
трагедияларында» Сальери, Барон және Дон Жуан рөлдерін ойнаса,
«Оның уақыты келеді» фильмінде – Ш.Уәлиханов, «Атаманның
ақырында» – Абылайханов, «Құрманғазыда» – Құрманғазы, «Сапар
құдығында» – Сапар, «Көлеңкесін қуған шалда» – қария, «Сұлтан
Бейбарыста» – Сұлтан Бейбарыс сияқты басқа да көп-теген тұлғалы
бейнелерді асқан ынтамен сомдап, өзгеше адами
әрі актерлік қырынан танылды.
Режиссер
Б.Мансұров
қойған
Достарыңызбен бөлісу: