Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова



Pdf көрінісі
бет13/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

Тілді үйрену – өнер
47. а) Төменде берілген мәтінде қандай сұрақтарға жауап бар?
• Сіз білесіз бе, қанша әлем тілдері бар?
• Олардың қайсысын оқу қиынырақ?
• Шет тілін оқуды қашан (қай жаста) бастаған дұрысырақ?
• Тілді интенсивті оқуға бола ма?
• Полиглот дегеніміз кім?
• Әлемдегі ең белгілі полиглот кім екенін білесіз бе?
• Ол қанша тіл білді?
Біздің уақытымызда шет тілін білу өте маңызды.
Қазақстан мектептерінде балалар бірінші, екінші 
сыныптан бастап, шет тілдерін оқи бастайды. Әдетте, 
бірінші шет тілі – ағылшын тілі. 
Полиглот болғыңыз келе ме? Онда сіз бес мыңға 
жуық тілдерді оқи аласыз. Бұлар – белгілі тілдер және
Африкадағы кукуруку, мбум немесе оңтүстік-шығыс
Азиядағы папао және басқа да экзотикалық тілдер.
Белгілі афоризмде «Қанша тіл білсең, сонша адамсың»
дейді.
Қазір тілдерді оқу өте керек және қызық. Көп тіл 
білетіндерді полиглот дейді. Бүгіндері сізді полиглот деу 
үшін, кем дегенде он тіл білуіңіз керек. «Білу» деген не? 
Бұл дегеніңіз – оқу және сөйлеу немесе тек қана сөйлеу. 
Және қарапайым хаттар жаза білу. 
ХХ ғасыр соңындағы ең белгілі полиглот неміс Людвиг 
Шютц болды.
Людвиг тілші ғалым болған, екі жүз тіл білетін.


24
Төменде белгілі еуропалық полиглоттар берілген:
Аты (қаласы, елі)
аударады
еркін сөйлейді
Евгений Черняевский
(Мәскеу, Ресей)
45 тілге
20 тілде
Арво Ютилайнен
(Хелсенки, Финляндия)
50 тілге
12 тілде
Пент Нурмекунд
(Тарту, Эстония)
80 тілге
Осы тілдердің 
көбісінде сөйлейді
Барлық полиглоттар тілді жақсы үйреніп, ұмытпас үшін тұрақты түрде шет тілінде оқу, сөйлеу, 
жазу керек деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет