б) Дәурен, Дәурен Ғалымұлы немесе Дәурен мырза. – Ердәулет, мен сіздің әкеңізбен танысқым келеді. – Иә, әрине, танысыңыз. – Әке, мына кісі – біздің оқытушымыз. Тарих ғылымдарының профессоры Мейрамгүл Құсайынқызы, ал мына кісі – Сейітхан Байдәулетұлы – менің әкем. – Сәлеметсің бе, Гүлжанат? Мынау кім? Балаң ба? Аты кім? Қанша жаста? – Иә, бұл – менің балам. Оның аты – .... . Ол бес жаста. – Танысыңыз. Мақпал Жұмабай. Белгілі журналист және ақын. – Өте жақсы. Мен сіздің мақалаларыңызды оқығанмын. 8. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазып шығыңыз. Менің
_____________________ – Күләш. Ата-анам әнші Күләш пен ақын Күләштің құрметіне
_____________________ . Әжем мені Күләтай, – деп
_____________________ . Мен тәттілерді өте жақсы көремін,
сондықтан анам «тәттім», – деп
_____________________ .
Менің інім бар. Оның аты – Нұрлан. Ол туылған кезде осындай есімдер өте көп болды. Бұрындары
балаға араб тіліндегі есімдер көп берілетін. Менің інім әлі кішкентай, сондықтан «
мынау не? »,
«
мынау қалай _____________________ ?» деп жиі сұрайды.
Менің анамның
_____________________ – Ұлбосын. Әкемнің
_____________________ – Сейітхан. Достары
көбінесе Сейіт, Секе
_____________________ деп атайды.
Жақында біз құрбыларымызбен бірге экскурсияға Астана қаласына бардық. Экскурс жүргізуші
Астананы бұрын Ақмола, Целиноград деп
_____________________ туралы айтты. Туристер өте көп
сұрақтар қойып жатты.
Назар аударыңыз!
Атау – есім, ат беру дегенді білдіреді.
Балаға ат қою:
Қызымызды Айдана деп атадық.
Кітаптың, фильмнің, көшенің атын атау:
М. Әуезов өзінің романын « Абай жолы» деп атады.
Аталу – яғни атының болуы:
Мына қала Астана деп
аталады .
2
3
1
2
3