182
б) Егер екі құрбы кездессе, әңгіме барысы қалай өзгерер еді?
27. Көне Римде қай гүл әйел әдемілігінің символы болған, ал арабтарда бұл гүл ер
адамдардың символы болды? Бұны сіз білесіз бе?
Әрине, бұл – раушан гүлі.
Неге бұлай? Сіз қалай ойлайсыз? Бұл олардың әдемілігіне қатысты ма, әлде мінезіне қатысты
ма?
28. Әңгіме оқыңыз (қосымша тапсырма)
Баяғы өткен заманда бір-бірін қатты жақсы көретін
бозбала мен бойжеткен өмір
сүріпті. Жігіттің есімі Роман болған деседі. Күндердің күнінде оның түсіне аса үлкен емес,
ақ күлтелері бар, күн кейіптес қарапайым гүл енеді. Махаббат пен нәзіктік нұры гүлдің
айналасынан кетпей тұрып алады. Осындай керемет көріністі көріп жатып, Роман оянып
кетіп, атып тұрса, жастығының бас жағында түсіне енген гүл жатады. Аң-таң болған Роман
гүлді сүйіктісіне сыйға тарту етеді. Оны көрген қызы Романнан да қатты таңырқайды да,
гүлге жігіттің есімімен Ромашка деген ат қояды. Ерке қыз жігітке күн сайын осындай гүлді
әкеліп беруін қалайтындығын жеткізеді. Қызды жан-тәнімен сүйетін Роман мұны Түстер
патшасына айтып барады. Патша көп ойланып, жас жігітке менің патшалығымда өмір бойы
қызмет етуге қалсаң, қызыңа қалаған гүлін беремін дейді. Роман мұны қанша қаламаса да,
сүйгені үшін тәуекелге барып, патша бұйрығына бағынады. Сұлу қыз түстер әлемінен гүл
әкелуге уәде берген ханзадасын ұзақ күтеді. Ол келмейді... Сағыныштан сарғайған қыз күн
сайын жылаумен болады. Бір күні қыз әдетінше жылап жатып, басын көтереді де, терезеге
қарайды. Тамаша! Көз алдында түймедақ гүлдері өсіп тұрған үлкен егістік алқабы тұр екен.
Қыз өз сүйіктісінің
тірі екендігін, бірақ ешақашан кездесе алмайтындықтарын түсінеді.
Содан бері адамзат баласы, әсіресе қыздар қауымы аталған гүлді қарапайымдылығы үшін,
адал және шынайы махаббаттың нышаны болғандығы үшін жақсы көріп кетеді.
Толығырақ:
https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/4322/