9
Қайда?
Жатыс септігінің мекендік мағынаны білдіруі
Үстелде, сөздікте, лицейде, сабақта, бөлмеде, ауылда, лекцияда, дәптерде.
12. Сіз не деп жауап бересіз? Қарсылық білдіріңіз, немесе растаңыз.
(Топта үш адамнан жұмыс істейміз: біреуміз сұрақ береміз, ал екеуі жауап береді)
Мысалы:
- Сіз мектепте оқисыз ба?
- Иә, мектепте оқимын.
- Жоқ, гимназияда оқимын.
– Сіз университетте оқисыз ба?
– Сен училищеде оқисың ба?
– Сіз институтта оқисыз ба?
– Сіз лицейде оқисыз ба?
– Сіз колледжде оқисыз ба?
– Сіз мектепте жұмыс істейсіз бе?
– Сіз курстарда оқисыз ба?
– Сіз гимназияда жұмыс істейсіз бе?
– Олар мектепте оқи ма, гимназияда оқи ма?
– Сіз академияда жұмыс істейсіз бе?
– Олар колледжде оқи ма?
13. Осылай ма, әлде басқаша ма? ( Қалай жауап бересіз?)
–
Сіз кеше сабақта болмаған сияқтысыз? (болмадыңыз)
– Иә, дұрыс айтасыз. Кеше мен сабақта болмадым.
– Жоқ, кеше мен сабақта болдым.
– Мен сіздің Астанада болғаныңызды естідім.
– Сіз лекцияда болған сияқтысыз.
– Мен оның сабақта болмағанын білемін.
– Ол емтиханда болған сияқты.
– Мен оларды сабақта болмаған деп ойлап отырмын.
– Мен олардың консерваторияда болмағанын білемін.
– Олар сені АҚШ-та болды деп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: