82
«
үш ноян» қалпымыздан танбаймыз деп талай
серттер де берген және
соларының үдесiнен талай рет абыроймен шығып та келген. Бiрақ, мұның
бәрi Ғұсман түрмеге отырғанға дейiнгi жәйттер едi.
Ғұсман
–
жан
-
дүниесi мөп
-
мөлдiр жан. Балалар үйiнде осылай болған ол,
кейiннен де
осы қалпынан өзгермеген. Оның мейiрiмдiлiгi, ақындық
табиғаты елеусiз нәрселерден
-
ақ аңғарыла беретiн. Нияз бен Ғани үшiн өзiн
құрбандыққа шалған ер көңiлдi азамат. Қысқа жiп күрмеуге келмей тұрса да,
ер жiгiтке лайық мәрттiгiн көрсете бiлген iрi жан. Жоқтық жомарттың қолын
байлайды деген рас. Бiрақ тұрмыс тауқыметiн қайткенде жеңемiн деген
Ғұсман, жаңсақ бiр басқан қадамынан опық жеп тынады. Мiне, өзiнiң басына
iс түскен, көлеңкелi сәтте қасында бiр ғана досы
-
Ғани ғана қалса, екiншi
досы Нияз
-
құрдымға
сiңген судай, iзiм
-
ғайым жоғалып кеттi. Ғұсманның
арқасында оқып қалғанымен жұмысы жоқ. Түрмеден оралған Ғұсманды,
iшiмдiкке үйiр Ғұсманды танығысы келмедi.
Мұндай адамдарды өз
мансабына кесiрiн тигiзедi деп есептеп, безiп кетуге бар. Ал, Ғұсман болса
Нияздың осындай күйкi пендешiлiгiн қабылдай алмайды. Адамның
адамшылығын жұтып қоятын обыр мансап екендiгiн түсiнген Ғұсманның
Нияздан айрылмасқа шарасы жоқ едi.
Ғани
-
Нияхдың және сол сияқтылардың антиподы. Ол «балалар үйiнiң
бiр жапырақ қара наны мен бiр уыс қара талқанын» ұмытпаған жан. Оның
iрiлiгi мен кiсiлiгi барынша табиғи. Ғани жоқшылықта табысқан достары
Ғұсман мен Нияз үшiн неге болсын даяр. Қолынан келген жәрдемi мен
азаматтығын еш пұлдаған емес. Оның бiрiншi трагедиясы
-
Ғұсманның
мезгiлсiз қайтыс болуы, ал екiншi трагедиясы
–
Нияздан тiрiдей айрылуы.
Мiне, достық деген қастерлi де
қасиеттi принцип ар
-
ожданның,
азаматтықтың, бiрден
-
бiр өлшемi болған тұста, оған сөз жоқ ендiгi мезетте
Ниязбен достығынан бас тартуына тура келедi. Ол бұл шешiмге қаншалықты
қиындықпен, iшкi тайталаспен келдi дейсiң?! Бiрақ, соның барлығы да
Ғанидың сол кесек мiнез
-
құлқынан, тұла бойы тұнған адалдықтың
табиғатынан, iс
-
әрекетiнен туындап жататын әрi көркемдiк, әрi өмiрлiк
заңдылық.
Ал адамның өзгеруiне, құбылуына әсер ететiн жоғарыдағыдай көптеген
жәйттердiң қай
-
қайсысына болсын қарсы тұрар иммунитет бар. Оның аты
-
нағыз азаматтық бiтiм
-
болмыс. Мiне,
осындай иммунитет Нияздың
бойындағы мансаптың оқпанына тұншығып жоқ болса, керiсiнше Ғанидың
тұлғасындағы абзал кiсiлiктiң арқасында iрiлене түскен. Жазушы өз
кейiпкерлерiнiң бойындағы осындай сипаттарды әдемi жеткiзе бiлген.
«Аппақ шымылдық» повесiнде көркемдiк шарттылық басым. Хан мен
Гүлжайна тәрiздi. кейiпкерлердiң табиғат Берген аңқаулығы, қкөңiл
аққылдақтығы юморлық сипат алып, езу тартқызып отырады. Ауырдың
үстiмен, жеңiлдiң астымен жүруге құштар Күләш пен Бикен
–
тәрiздi
келiншектердiң Хан мен Гүлжайнаны өздерiнiң сайқымазақ торына түсiргiсi
келген
әрекеттерi сәтсiз аяқталады, сөйтiп өздерiн
-
өздерi әшкерелейдi.
Повестегi ситуациялардың шарттылығына, автордың қадам қуатына
83
иланасыз. Хан мен Гүлжайна сияқты типтер болмаса, өмiрдiң қызығы мен
сиқыры, жұмбағы мен құпиясы әлдеқайда аз болар едi.
«Аққұс» повесiнде ырың
-
жырың болған жанұя мүшелерiнiң қарым
-
қатынасы Ермек атты баланың көзiмен берiледi. Өмiрлiк шындық екенi және
рас. Оспан тәрiздi адамдардың ең соңында өзiн
-
өзi жеңе бiлгенiне нанасың.
Өзi туралы шындықты бiлiп қойған Ермектiң туып
-
өскен ауылына
қашатынын, әжесiнiң мейiр
-
шуағын өмiрден ұдайы iздеп жүретiнiн
түсiнгендей боласың.
Жинақтағы ең сүбелi, ең шырайлы дүние
–
«Ақпанның ақырғы күнi»
атты повесть. Мұнда Ұлан, Ләйла, Айдар тәрiздi үш сыныптастың, кейiннен
еңбек долы бiр колхозда тҮйiскен заманы бiр құрдастардың тыныс
-
тiршiлiгi
шынайы түрде бейнеленедi. Адамдар бойындағы iзгi әрi қаскөй қасиеттердiң
тамыр жайған мәйегi сын сағаттарда қандай
тұрғыда өрiс табады немесе
мүлдем өшiп тынады? Повесть былай қарағанда дәстүрлi үштiк арасындағы
тартысқа құрылғандай көрiнуi мүмкiн. Сөйте тұра, тосын жағдайда
-
ақпанның ақырғы күнiнде адамдар бойындағы қаскөй нышандар, iс
-
әрекеттер iзгiлiк алдында жер болып жығылады.
Ұлан
–
қайтпас, қайсар жан. Жетiмдiктiң тақсiретiн тартқан адамның тек
өз күшiне ғана сенетiндiгi өмiрлiк шындық. Өйткенi, оның сүйенерi жоқ. Бар
тiрегi
-
өзiн
-
өзi жiгерлендiру, өзiн
-
өзi шыңдау. Айдар
–
кекшiл, өлермен, «бит
iшiне қан құяр ебi бар» пысық, ферма меңгерушiсi. Жасында өлең жазған.
Бiрақ ол сезiмдi өшiрiп алған. Әсершiлдiктiң арты әлемiшке, жеңiл табысқа
жетуге қызығуға ұмтылумен бiрге тұншығып
та қалған. Сұлулыққа iңкәрлiк
бетi қызылдың соңына түсумен, сонны қанағат тұтумен аяқталған. Айдардың
мықтылығы
–
дәулетiнде, осалдығы
-
өмiрден опық жеп адасқандығында.
Бала кезiндегi махаббаты
–
Ләйладан айрылуы осының дәлелi. Өмiр күрделi,
өмiр шындығы
да
–
күрделi. ёланды көзiне iлмейтiн, Айдар десе iшкен асын
жерге қоятын Ләйланың тағдыры да күрделi. Алғашқы махаббатын да
қимайды, оған деген көңiлi де суымаған. Бiрақ, өзi тауып қосылған ёланның
көзiне де шөп салғысы келмейдi. Баққожа Мұқаев осының бәрiн шиыршық
арттыра отырып суреттейдi, бiрақ шектен аспайды. автор өз кейiпкерлерi
жанының нәзiк иiрiмдерiне зорлық жасамайды. Адамдардың ситуацияны
немесе ситуациялардың адамды билеген тұстағы
психологиялық реңктерге,
иiрiмдерге зер салады.Бұған «Ақпанның ақырғы күнi» повесi айғақ. Адалдық,
адамгершiлiк, азаматтық жауапкершiлiк сыны олардың өзiн де, өзгелердi де
қатал сыннан өткiзедi.
Ұлан, Айдар, Ләйла, Баубек болмыстарындағы қарама
-
қайшылықтар
өзара сабақтас жәйттер, тамырлас нышандар. Бiржақты, бiртектi
әсiрелеу
немесе қаралау жоқ. Бұлардың қай
-
қайсысы болмасын «адамға тән нәрсенiң
бәрi де маған жат емес» дейтiн, күрделiлiгi басым кейiпкерлер.
Жалпы алғанда Баққожа Мұқаев күнi бүгiнге дейiн жиырмаға жуық
прозалық кiтаптар мен оннан астам драмалардың авторы. Бұлардың баршасы
әдебиет пен театр сынының назарынан тыс қалмаған, өз бағаларын алған.
Достарыңызбен бөлісу: