Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева


МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI



Pdf көрінісі
бет52/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85
МӘНЕРЛЕП ОҚУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI 
 
 
Сөз өнерiнiң, әсiресе көркем сөздiң құдiретi шексiз. Адамзаттың сөйлеуiне нәр 
келтiретiн көркем сөз көркем әдебиетте әсерлi әрi эстетикалық әсер ету күшiн арттырады.
Мәнерлеп оқу 
– 
ауызша тiл дамыту жұмысын жетiлдiрудiң кепiлi. Мәнерлеп оқуға соңғы 
жылдары жан
-
жақты көңiл бөлiне бастағаны сезiлiп келедi. Себебi, әдебиеттi оқытуда 
бүгiнгi таңда мақамдап, келiстiрiп оқу әдiсi тиiмдi әрi сапалы болып отыр. 
Бұл арада мәнерлеп оқуды келiстiрiп оқу деп те атап жүргендiгiн айтқанымыз жөн. 
Алайда бұлардың бәрi де бiр
-
бiрiне жат емес… 
Сонымен мәнерлеп оқудың анықтамасы қалай болмақ? Бұл жөнiнде С.Тiлешова: 
«Мәнерлеп оқу дегенiмiз 

көркем шығарманы әдеби тiлдiң орфоэпиялық ережесiн, 
шығарманың тақырыбын, идеялық мазмұнын түсiнiп, белгiлi бiр жылдамдықпен дауыс 
үндiлiгiн, ырғағын сақтай отырып оқу», 

дейдi. Демек, бұл ең алдымен, көркем сөз 
мәтiнiн дұрыс оқу, түсiнiп оқу және белгiлi дәрежеде жылдам оқу шарттарын сақтап оқу 
деген сөз. 
«Оқи бiлу дегенiмiз 
– 
оқушыны шығармаға сүйсiндiру, оның көркемдiлiк ойын 
тереңдету, шығарманы тану, бағалау деген сөз», 

деп Т.Ақшолақов өте дұрыс айтады.
Ал, мәнерлеп оқудың мақсаты 

дұрыс, тез, көркем оқуға үйрету, сөйлеу тiлiнiң 
мәдениетiн көтеру, оқушының тiлiндегi әр түрлi кемшiлiктердi болдырмау, дем алу 
аппаратын, дауысын жолға қою, дұрыс, анық сөйлеуге үйрету. 
Студент мәнерлеп оқу арқылы ғана әдеби шығарманың нәрiне бойлай алады. 
Сонымен бiрге көркем туынды туралы тұжырым жасап, талғамын танытады. Сондықтан 
да студенттiң ауызша тiлiн дамытуда мәнерлеп оқу өзектi әдiс саналады. 
Осындай мақсатқа жету үшiн мәнерлеп оқуды меңгерту қазiргi оқытудың басты 
мiндетi болып отыр. Ол үшiн студенттерге келiстiрiп оқудың шарттарын үйретiп, 
мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастырған жөн. 
Студенттiң сабаққа ықыласы мен қызығушылығын арттыру үшiн мұғалiм мәтiн 
талдау жұмысын көбiне көркем шығарманы сәндi үн, әсерлi дауыс ырғағымен оқудан 
бастайды. Студенттiң назарын жаңа мәтiнге аударады, оның шығарманы меңгеру 
құштарлығын оятады. 
Студенттерге эстетикалық қабылдау, эстетикалық сезiм, эстетикалық баға, 
көркемдiк талғам немесе интонация, логикалық екпiн, дауыс кiдiрiсi (пауза), жылдамдық, 
ырғақ т.б. туралы түсiнiк бермей тұрып мәнерлеп оқу талаптарын жүзеге асыру қиынға 
соғады. Сондықтан мәнерлеп оқудың мән
-
мазмұнын жай оқудан ерекшелiгiн, оның 
көркемдiк компоненттерiн студенттер бiршама танып бiлуi керек. Ол үшiн әдебиеттiң 
кiрiспе сабақтарында тағы басқа жоғарыда айтылған мәселелердi мәнерлеп оқудың 
техникалық элементтерiн, көркемдiк компоненттерiн кеңiнен талдап, одан студенттерге 
белгiлi дәрежеде бiлiм дағдысын үйретуiмiз керек. 


112 
Көркем әдеби шығармалардағы эстетикалық қабылдауды шығарманың мазмұн
-
идеясын, көркемдiк қасиетiн тану, сезiну деп түсiнсе болады. Эстетикалық қабылдаудың 
маңызды ерекшелiгi 

оның адамның сезiм күйiн, әсерленуiн туғызуында. Сезiм күйi, 
әсерлену болмаса эстетикалық қабылдау да болмайды. Студенттер көркем шығарманы 
бiлiп, танып, оқып қана қоймай, оқу не тыңдау үстiнде ондағы кейiпкерлердiң тағдырымен 
ойша ортақтасатындай, оның тағдыр
-
талабын бастан кешiсiп, онымен бiрге қайғырып, 
бiрге жылап, толқып, бiрге қуанатындай күйге келсiн.
Мiне, сонда ғана көркем шығарманың шын бағасы танылады, әрi шын мәнiндегi 
эстетикалық қабылдау туады.
Эстетикалық қабылдау эстетикалық сезiммен тiкелей байланысты. Эстетикалық 
сезiм деп көркемдiк сұлулық әлемiн сезiм күйi арқылы қабылдап, өзгеше әсер, ләззат алу 
деп таниды. Өнер, оның iшiнде көркем әдеби шығарма эстетикалық сезiм күйiн тудыру 
арқылы адамдардың жан сарайын байытады, олардың рухани және идеялық жағынан 
өсуiне пәрмендi ықпал етедi. Бiздiң көркем шығарманың қандай түрiн болмасын талдауға, 
түсiнуге, тануға селқос қарай алмайтынымыз да
осыдан.
Көркем шығарманы эмоциялық қабылдаудан соң, соның заңды нәтижесi ретiнде 
студенттерде эстетикалық пiкiр мен баға пайда болады. Студенттердiң көркем шығармаға 
деген пiкiрi мен бағасы неғұрлым терең, әрi мазмұнды болу үшiн оларды шығарманың 
сапасын, көркемдiгiн танып бiлуге, түсiне бiлуге тәрбиелеу қажет. Эстетикалық тәрбиенiң 
мұрат
-
мақсаты да сонда. 
Белгiлi мақсатты көздей дамытылған эстетикалық пiкiр мен баға

студенттердiң 
көркемдiк талғамын қалыптастырады, ұштайды. Қалыптасқан көркемдiк талғам шын
-
шынайы көркемдiк пен жабайы, жасанды көркемдiктен ажырата алады. Адам жанының 
сұлулығы, нәзiктiлiгi көркемдiк талғам күшiнiң жетiлгенi осыдан аңғарылып сезiледi.
Мәнерлеп оқудың екi түрi бар. Бiрi 
– 
дауыстап мәнерлеп оқу, екiншiсi, iштен оқу.
Дауыстап оқу барысында студент әр сөздi, әр сөйлемдi саналы түсiнiп оқуға дағдыланады, 
мәтiндегi оқығанын көру және есту арқылы жадында ұзақ уақыт сақтауға бейiмделедi, 
оқығанын дұрыс айтып беруге жаттығады.
Мәтiндi iштен оқудың да практикалық мәнi күштi. Өйткенi iштен оқу арқылы 
аудиторияда және үйде бiрнеше тапсырмалар орындалады. Мәселен, аудиторияда өтiлiп 
отырған теориялық материалдарды iштен тыңдау нәтижесiнде мазмұнын ұғады және оны 
жете түсiнедi. Сонымен бiрге өтiлген тақырыпты оқулықтан iштен оқу арқылы дұрыс 
түсiнедi.
Сөз, оның мағынасы дыбысталу (естiлу бейнесi) арқылы жанданады. Қандай сөздi 
болсын терең мағына, мән берiп, белгiлi мазмұнда айрықша мәнермен айтуға болады. 
Соның бiр көрiнiсi студенттерге өлеңдi жатқа айтқызу, баяндама жасату, кездесу 
кештерiнде ақын
-
жазушыларға өздерiнiң шығармаларын оқытып тыңдату, театр, радио, 
кино, теледидар арқылы артистердiң, көркем сөз шеберлерiнiң, дикторлардың оқуына зер 
салып, қадағалап отыруға әдеттендiру 

бұлардың бәрi студенттердiң сөз мәнерiн,
сөйлеу 
тiлiн жетiлдiре түсетiн факторлар болып табылады. 
Мәнерлеп оқу дауысты жай ғана құбылту емес, мәтiннiң идеялық мазмұнын сапалы 
меңгеруден туған дыбыс үйлесiмi мен мағыналық екпiн, дауыстың әсерi, мәндi ырғағы. 
Мәтiндi алдымен мұғалiм өзi оқиды, студенттiң iшiнен оқуына, шығарма мазмұнын, 
идеясын, негiзгi бөлiмдерiн анғартуға мүмкiндiк бередi, содан кейiн оны мазмұндап 
айтқызады. Осындай жұмыстардан соң ¬ана студенттерге мәнерлеп оқудың сыр
-
сипаты 
мен техникасы туралы түсiнiк берiлiп, жаттығу жұмыстары жүргiзiледi. 
Мәнерлеп оқу әдебиеттiк оқу сабағының үлесi. Оны студенттердiң қазақ тiлi мен 
әдебиетiнен алған бiлiмдерiн ұштастыра жүргiзген дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет