Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет54/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1.Оқу техникасы дегенiмiз не?
2.Көркем шығарманы келiстiрiп оқуда негiзiнен қандай элементтерге көңiл бөлiнедi?
3.Көркем шығармалардан үзiндiлер оқуға жаттығу.
ИНТОНАЦИЯ ЖӘНЕ ДАУЫС КIДIРIСТЕРI 
 
Мәнерлеп оқу
 
үшiн дем алудың дұрыс болуымен қатар дауыстың естiлуi, үндiлiгi 
мен жуан
-
жiңiшкелiгi, әуенi, екпiнi, дауыс кiдiрiсi, әрi ырғағына көңiл бөлу өте қажет. 
Мұғалiм сөзiнiң тартымды, әсерлi болуы оның үнiнiң тазалығына, ойының 
саралылығына және дауыс ырғағына 
– 
интонациясына байланысты.
Сөздiң айтылу мәнерiне А.П.Чехов та көп көңiл бөлгендiгiн айта келiп, профессор 
З.Қабдолов: «Әр сөздiң айтылуына қарай мың мағынасы бар», 

дейдi. Бұл салада әр сөзге 
ажар берiп, оның мағынасын толықтыратын ең қарапайым тәсiлi 
– 
интонация (латынша 
iptepage - 
дауыс ырғағы) яки әр сөздiң айтылу мәнерi. 
Ғалым Ф.Мұсабекова: «Пунктуацияны дұрыс қолдана бiлудiң үшiншi критерийi 
– 
интонация. Интонациясыз сөйлеу болмайды. Пунктуация жазба тiлiмiздiң құралы болса, 
интонация ауызекi тiлiмiздiң құралы. Бұл екеуi бiр
-
бiрiмен тығыз байланысты», 

деп 
жазады. 
Егер ғалымдардың пiкiрiне сүйенер болсақ, Зәки Ахметов өзiнiң «Әдебиеттану 
терминдерiнiң сөздiгi» атты еңбегiнде
интонация жайлы мынадай пiкiрдi iлгерi сүрген: 
«Интонация 

дауыс толқыны, сөйлегенде сөз мағынасын әсерлi жеткiзу үшiн дауыстың 
құбылып, жоғарылап, төмендеп өзгерiп отыруы, сөздiң мәнерiмен, әр түрлi сезiммен 
айтылуын айтамыз. Сөздiң көтерiңкi леппен, салтанатты түрде, не терең ойға шомып, 
сабырмен, байсалды қалыпта немесе нәзiк сыршыл сезiммен айтылуға орай дауыс 
толқыны да бiрде биiктеп, өршеленiп, бiрде төмендеп, бәсеңдеп, сөздердiң үндiлiгiн, 
саздылығын ұдайы өзгертiп отырады. Дауыс толқынының өзгешелiгi дауыстың көтерiлiп 
төмендеу қалпынан, сөздiң, сөз тiркестерiнiң қандай сазбен, қандай жылдамдықпен 
айтылуынан, дауыстың өзiндiк бояу
-
реңкiмен, құбылмалы әсерлiгiнен тағы сол сияқты 
белгiлерден айқын аңғарылады. Мәселен, көтерiңкi лептi интонация бiр түрлi де, сұрақ 
қою интонациясы мен одан басқа түрде де болатыны белгiлi. 
Әдеби шығармадағы сөздiң интонациялық байлығы мәтiндi мәнерлеп оқығанда 
әсiресе айқын танылады. Көркем шығарманы мәнерлеп оқу шеберлiгi өз алдына үлкен 
өнер болып саналады. Поэзияда интонация, дауыс толқыны өлеңнiң ырғағымен тығыз 


116 
байланысты болады, өлең сөздiң ырғағын түрлендiруге үлкен әсер етедi. Оқылатын, 
сөйлеп, тақпақтап айтылатын өлеңдерде интонацияның, дауыс толқынының неғұрлым 
құбылмалы келiп, түрленiп отыруы айрықша қажет».
Мәнерлеп оқуда сөздiң дұрыс айтылуына, дұрысырақ айтқанда әдеби айтылу 
нормасына ерекше мән берiледi. Әсiресе, тiлiмiздiң орфоэпиялық заңдылығының қатаң 
сақталуына назар аударған жөн. 
Ал, Н.Нұрмаханованың «Мәнерлеп оқу практикумының программасы» атты 
еңбегiнде мынадай пiкiрлер айтылады: «Интонацияның ауқымы кең, мүмкiндiгi мол. 
Интонация құрамына: дауыс екпiнi, оның фразалық және логикалық түрлерi, дауыс 
кiдiрiсi (пауза), оның логикалық және психологиялық, грамматикалық түрлерi, дауыс 
мөлшерi (темп), сөздердiң бiрде көтерiңкi, бiрде бәсең, бiрде баяу, бiрде жылдам оқылуы, 
сөз ырғағы (ритм), үннiң мелодиясы мен дыбыс саздылығы жатады». Ал, методист
-
ғалымдар интонацияны тыныс белгiлерiне байланысты жинақтау интонациясы, санамалау 
интонациясы, сұраулық интонациясы, леп белгiсiне байланысты интонациялар деп жiктеп 
жүр.
Дауыс айтылуына, құлаққа естiлуiне қарай: дауыс күшi, биiктiгi, қарқыны, әуенi 
деп бөлiнедi. Дауыс күшi дегенде, оқығанда дауыстың құлаққа қатты не жай, 
көтерiңкiлiгiн не бәсеңдiгiн дауыс қарқыны деп, не жылдам не баяулығын, дауыс әуенi 
дегенде не қатқыл, не жұмсақтығын ұғамыз.
Сөйлем жеке сөзден де, сөз тiркестерiнiң өзара бiр
-
бiрiмен байланысып келуi 
арқылы жасалады. Сөйлемдегi сөздiң белгiлi буынында дауыстың көтерiңкi айтылуы 
«екпiн» деп
аталады. Екпiн түскен буын өзгелерден көтерiңкi дауыспен айтылады. Ондай 
екпiндi буынды екпiндi буын деймiз. 
Сөз бен сөздiң шегiн бөлiп, жiгiн ажыратып қоймай, дауыс екпiнi бiр сөз табы мен 
екiншi сөз тiркестерiнiң арасын бөлiп тұратын дауыс екпiнi фразалық екпiн деп аталады. 
Оқығанда сөйлем iшiндегi бiр сөзге айрықша назар аударыла оқылады. Ол сөз 
өзгелерден ерекше екпiнмен дараланып оқылады, айрықша әуенмен айтылады. Оны 
логикалық екпiн дейдi. Ал көтерiнкi дауыспен оқылатын сөздi логикалық екпiнге ие сөз 
деп атайды. Логикалық екпiн мәтiнде жасырын келедi. Көркем шығармаларды мәнерлеп 
оқудан алдын жасырынған логикалық екпiндi анықтау үшiн мәтiндi алдымен бiрнеше рет 
оқып, автордың мақсатын түсiнгеннен кейiн логикалық екпiндi анықтауға болады. Әдетте, 
логикалық екпiннен кейiн қысқа кiдiрiс (пауза) жасалады.
Тiлдiң құрылыс материалы сөз болса, сөздер белгiлi бiр тиянақты ойды бiлдiру 
үшiн бiрiмен

бiрi жалғасып сөйлем құрайды. Сөйлем бiр немесе бiрнеше мағыналы сөз 
табынан не сөз тiркесiнен тұрады.
Студенттер көркем шығарманы оқығанда оның мазмұнын меңгерiп қана қоймайды. 
Сол мазмұнды беру қызмет етiп тұрған сөздер тобын, олардың мағыналы тұтастығын 
игередi. Сөйлемдегi сөздердiң ондай жiгi, мағыналық тобы 
– 
синтагма деп аталады. 
Шығарманың әуен
-
сазы, ырғақ
-
ұйқасы, барлық интонациялық құрылымы 
сөйлегенде ғана көрiнедi. 
Мәнерлеп оқуда темп пен ритмге де көңiл бөлген жөн. Темп латынша «темпус» 
сөзiнен алынған болып, «дәреже», «уақыт» деген мағынаны бiлдiредi. Темп дегенде 
мәнерлеп оқудың iшкi сезiмi, оның тебiрене тыныс алуды айтамыз. Әдеби шығармаларда 
кейiпкерлердiң iшкi сезiмдерi, оқиғалар дамуының қайшылығына байланысты өзгерiп 
отырады. Мәнерлеп оқуда темптi көтеру, әсiрелеу дегендi емес, керiсiнше жандандыру 
дегендi бiлдiредi. Сонымен бiрге мәнерлеп оқуда
темпке көңiл бөлiнбесе сөз жансыз 
болып, әсер ету күшi төмендейдi. Ал, ритм гректiң «ритмос» сөзiнен алынған болып, 
«дыбыстас, дауысы бiрдей» деген мағынаны бiлдiредi. Мәнерлеп оқуда ритмнiң орны 
ерекше мәнге ие.
Осында ырғаққа аса көңiл бөлген жөн. Өйткенi ауызша сөйлеуде де, мәнерлеп 
оқуда да ырғақтың орны бөлек. 


117 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет