127
Әскерiн барша құмға төгiлдiрдi
-
ай.
Мыңды алған, бiрдi берiп Ақтабанды,
Жыландай белге соққан бүгiлдiрдi
-
ай.
Баласы Исатайдың Жақия
-
ды,
Жақия жауды көрсе ақияды.
Түлейдi түнде жортқан жолбарыстай,
Алдырдым қабыланымды қапияда
-
ай!
Махамбет Өтемiсұлы
Өзен
Таулардан өзен ағар сарқыраған
,
Айнадай сәуле берiп жарқыраған,
Жел соқса,
ыстық соқса, бiр қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңiлiн суын iшсең ашылады.
Денеңде бар дертiңдi қашырады.
Өксiген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тiлсiз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бiрге бас ұрады..
Он мың мал айдап өтсең, лай қалмайды,
Тасыса су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын шөп бiтпеген жай қалмайды.
Ед қыстап күн көредi жанабында
Дәм болар алуан
-
алуан балығында..
Тас
-
таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында…
Өнер
-
бiлiм бар жұрттар
Өнер
-
бiлiм бар жұрттар
Тастан сарай салғызды
.
Айшылық алыс жерлерден
Көзiңдi ашып
-
жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды.
Мал iстейтiн жұмысты
От пен суға түсiрдi.
Отынсыз тамақ пiсiрдi
Сусыздан сусын iшiрдi.
128
Теңiзде жүздi балықтай
Дүниенi кездi жалықпай.
Бiлгендерге осылар
–
Бәрi
-
дағы анықтай.
Бiлмегенге танықтай.
Бiз де бекер жатпалық
Осыларға таныспай,
Ат өнерi бiлiнбес
Бәйгеге түсiп жарыспай.
Желкiлдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспiрiм достарым,
қатарың кеттi
-
ау алысқа
-
ай.
Ұмтылыңыз қалыспай!
Бiз надан боп өсiрдiк
Иектегi сақалды.
«Өнер
–
жiгiт көркi» деп
Ескермедiк мақалды…
Бiз болмасақ, сiз барсыз,
Үмiт еткен достарым,
Сiздерге бердiм батамды!
Достарыңызбен бөлісу: