Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет82/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Қобыланды батыр
 
...Көп әлеумет, құлақ сал
Аузымнан шыққан сөзiме,
Қырық мың атты қызылбас,
Қырық кiсiдей көрiнбес
Батырыңның көзiне.
Тiкелеп атқан оқтары
Тiкенектей қадалмас
Қоблекеңнiң жүзiне.
Қабағынан қар жауып,
Кiрпiгiне мұз тонып,
Қатуланып қаттанды,


165 
Буырқанып бұрсанды,
Мұздай темiр құрсанды.
Топтанып тұрған кәпiрге
Қобыланды батыр жол салды.
Жалғыз өзi батырың
Жойып кетiп барады,
Қойға тиген қасқырдай
Сойып кетiп барады.
Жолбарыс шапқан құландай
Шоршып кетiп барады.
Үш мың атты бiр сайға,
Төрт мың атты бiр сайға,
Аламын деп қайтарда,
Қойып кетiп барады.
Қайтарында алмаққа
Тiзгiнiнен қосақтап,
Түйiп кетiп барады.
Ақ бiлегi қан болып,
Тұла бойы сал болып,
Жау үстiне жол салды,
Үкiмiн жауға мол салды.
Көмегi жоқ соңында,
Жаны құдай қолында.
Туырлықтай ту алып,
Туды қанға сауарып,
Қырық мың атты қызылбас
Әрi
-
берi қозғалды.
Қырылмағаны аз қалды.
Қызылбас қашып жосыпты,
Қашқанына қойсын ба,
Батырдың алдын тосыпты!
Ықтиярсыз найзалап,
Бiрiне бiрiн қосыпты.
Бөлек
-
бөлек қылады,
Есебi жоқ қырады.
Бiрiн шауып, бiреуiн 
Қылышпенен ұрады.
Атумен оқ қалды,
Тартумен дөп қалды,
Қоблекеңнiң сүңгiс

Қызыл қанға боялды.
Көбiсi тұрып шәрiнiң,
Ұйқысын ашып, оянды.
Қашпағанды қобыланды,
Алтын күн ұдай ұрысып,


166 
Бiтiруге таянды.
Үкiмiн жауға мол салды,
Жетiншi күнi сәскеде
Жаудың барын тауысып,
Ақ найзаға сүйенiп,
Қобыланды жалғыз бұл қалды.
Сол қаланың әйелi
Ерлерiнен айрылып,
Бәрi де жесiр, тұл қалды.
Бұл қырғанға қоймады,
Қоблекең бұған тоймады.
Шәрiн тегiс бұзсам деп,
Ат қоймаққа ойлады
Қазанның қырлы қалаға.
Қобыланды тұрып сыйынды
Жетi кәмiл бабаға.
Ақ сұңқар құстай шЇйiлiп,
Ел шығармай салаға,
Мал шығармай далаға,
Қаладан атын қарғытып,
Кiндiктен оғын сырғытып,
Қаланың аузын қан қылып,
Қақпаның аузын шаң қылып,
Тұлымдысын тұл қылып,
Айдарлысын құл қылып,
Солқылдаған мырзасын
Табанға салып жүн қылып,
Алтын артты шанаға,
Қарамай қатын
-
балаға,
Өтiрiк емес, жан аға,
Қырық қақпалы қазанды
Он сегiз күн дегенде
Бұзып
-
жарып батырың,
Малын
-
жанын ызғытып,
Қақпаның аузын аштырып,
Айдап шықты далаға!
Сұрақтар мен тапсырмалар
 
1. Батырлар жыры қалай оқылады?
2. Батырлар жырын оқығанда дикцияға, интонацияға, кiдiрiске көңiл 
бөлiңдер.
3. 
Батырлардың күш
-
қайратын, ерлiгiн суреттейтiн тұстарына назар 
аударыңдар.
4. Батырлар жырынан үзiндi жаттау және оны мәнерлеп оқу.
 


167 
ЛИРО
-
ЭПОСТЫҚ
 
ЖЫРЛАРДЫ ОҚУ
 
 
«Қозы Көрпеш 
– 
Баян сұлу» жыры
 
Кемел ақын келтiрер сөздiң түрiн,
Оған да заман өткен бiр ықылым.
Кешегi ол қатар заманында,
Өтiптi екi байың бiзден бұрын.
Солар да бiзден бұрын өткен жандар,
Сап қасқа, өкшең манап сөздi аңдаңдар.
Қалыпсыз Қарабайдай бай өтiптi,
Тоқсан мың, тәңiр алса да, жылқысы бар…
- …
Қарабай 
– 
Сарыбаймен мерген екен,
Күн жетiп Сарыбай өлген екен.
Бұл ауғалы он үш жыл болып қапты,
Қыз Баян да он төртке келген екен.
Тал шыбықтай бұралған өзi көрiм,
Мiнеки оны айтатын келдi жерiм.
қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян,
Сипаты жаннан асқан ол бiр серiм! 
Тал бойының мiнi жоқ, қолаң шашты,
Шашының ұзындығы тiзiн басты.
Гүл төгiлер аузынан меруерт тiстi,
Ондай жан дүниеде жаралмас
-
ты.
Аппақ көрiк маңдайы, қылығы наз.
Малың түгiл басыңды берсең
-
дағы аз.
Сыртынан күлiмсiреп сөйлесе де,
Көңiлi қош болмайды, баймен арза.
Жұрт айтатын темiрлi күймесi бар,
Қозы Көрпеш дегенде дүниесi тар.
Анда
-
санда болмаса сөйлеспейдi,
Жалғыз жатып қозы үшiн қылады зар.
Қас асыл бойы жеттi, алтын кiрпiк,
Шақырып қодар келсе үйтiп
-
бүйтiп.
Қара көзiн қан басып қарағанда,
Маңына жоламайды қодар үркiп.

Қайғылы менiң көңлiм тола ма екен,
Алланың сызығы екi бола ма екен?..
Маңайға тантық құлды жолатқызбай,


168 
Қорқытып қойған оны құдай екен.
Баянды сұлу қылса, тәңiрiм қылған,
Атағымен, даңқымен дүние толған,
Тоқсан байдың баласы тоқсан серi,
Сыртынан көзi көрмей ғашық болған.
Жамағат осы сөзден күдер үзбе,
Сипаты Баян қыздың жаннан өзге.
Баянға ғашық болып тоқсан бағылан,
Бәрi де iздеп шықты жапан түзге.
Бәрi де ғашықтықпен жиhан кезген,
Баршасы ғашық болып елден безген.
Тоқсан жолдың аяғы бiр жол болып,
Бiр жолда тоқсан серi кездей келген… 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет