158
Өлеңнен қолым тидi ме
?
-
Қайтс
i
н, қолы тимептi,
Өлеңшi, әншi есiл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкiлде де, билей бер!
Абай Құнанбаев
«Аққу, шортан Һәм шаян»
Жүк
алды Шаян, Шортан, Аққу бiр күн,
Жегiлiп, тартты үшеуi дүркiн
-
дүркiн.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейiн,
Жұлқиды суға қарай Шортан шiркiн.
Бұлардың машықаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерiн аямай
-
ақ,
Асылы, жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан пәлен деу де тәуiр емес.
Жүк бiрақ әлi күнге орнында тұр,
Бiрыңғай тартпаған соң бәрi тегiс.
Жiгiттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелi бiрлiк керек болсақ жолдас.
Бiрiңнiң айтқаныңа бiрiң көнбей,
Iстеген ынтымақсыз iсiң оңбас.
Достарыңызбен бөлісу: